179
«QuestNet» желілік маркетингімен
айналысудың үкімі қандай?
Сұрақ:
Жалпы желілік (сетевой) маркетингтің
үкімі қандай? Әсіресе солардың ішіндегі «QuestNet»
желілік маркетингінде жұмыс істеуге болады ма?
Жауап:
Әлемде желілік маркетингтің түр-түрі бар.
Әртүрінің өзінше жұмыс істеу жобасы мен шарттары
бар. Сондықтан жалпылай үкім беру әрине қиын. Ал
Қазақстанда соңғы жылда кеңінен өріс алған
«QuestNet»
желілік маркетингіне келер болсақ, оның жұмыс істеу жо-
басы мынандай:
Біркісібұлжұмысқакіруіүшінкомпанияныңшектеулі
санмен ғана шығатын коллекциялық бір затын (ең арзаны
670 $) алуы шарт. Сосын өзінің оң жағына бір адамды, сол
жағына бір адамды компания өнімін алдыртқызу арқылы
тіркейді. Ол екі адам да екі, екі адамнан тіркеткізеді.
Осылайша шынжырлана отырып, классикалық пирамида
кестесі бойынша төмен қарай өсе береді. Компания түскен
ақшаның белгілі бір мөлшерін пирамидадағы адамдарға
беріп отырады. Алты адам тіркеткенге 250 доллар береді.
Көптеген ислам ғұламалары
«QuestNet»
желілік
маркетингінің жұмыс істеу кестесі мен жобасын сараптай
келе харам деп пәтуа шығарған. Мысалы, Мысырдағы
әл-Азһар университетінің Ислам экономикасы бойынша
профессоры, ғалым Хусайн Шаххата, Қатар мемлекеті
университетінің Ислам шариғаты факультетінің профес-
соры Әли Мұхиддин сынды көптеген ислам ғұламалары
мен Сауд Арабиясының пәтуа комитеті жалпы желілік
маркетингтің жұмыс жасау жобасына харам деп пәтуа