Previous Page  181 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

181

Ислам бойынша ондай сауда анық харамға жатады. Ал

бұл жүйеде негізгі мақсат тауар емес, желілікке өзіңнен

кейін тіркелетін адамдардың төлейтін ақшасынан түсетін

белгілі мөлшердегі пайданы көздеу. Яғни, бір затты алған

кезде сол зат үшін емес, компанияға тіркелу үшін ақша

төлейсің. Компанияға тіркелер кезде негізгі мақсат тау-

ар емес, бизнес деп түсіндіріледі. Тіпті заттар кешіккен

жағдайда:

«Затым қайда?»

деп сұраған адамдарға

шақырушы адам тарапынан:

«Зат үшін жүрсің бе? Зат-

ты емес, бизнесті ойлау керек!»

деген уәж айтылады.

Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетейік, бізден осы істің

харам-халалдығын сұрап келген

«QuestNet»

желілік мар-

кетингте қызмет істейтін адамдардың кейбіреуі өздері

ақшасын төлеп, тапсырыс берген заттарын неше ай

өтсе де әлі ала алмағандарына куә болдық. Оны уайым-

дап жүрген олар жоқ. Себебі, мақсат тауар емес, басқа

тіркелген адамдардың есебінен түсетін пайда!

Ал енді алған нәрсең мақсат болмаса, ақша не үшін

төленеді? Сенен кейін тіркелетін мыңдаған адамдар да не

үшін төлемек?! Сондай-ақ, егер бұл сауда-саттықта тауар

негізгі мақсат болмаса, ертең сенен кейін жүздеген, тіпті

мыңдаған адам тіркелген жағдайда, сенің есебіңе келіп

түсетін ақшаны нендей ісіңмен, қандай еңбегіңмен тап-

тым демексің? Адамдарға бірінші кезекте қажет емес, тіпті

өмір сүру стандарттарына сай емес әртүрлі коллекциялық

қымбат тауарларды әртүрлі жолдармен қызықтырып сату

арқылы ел экономикасына қандай үлес қосасың? (пайда-

сын былай қойғанда тигізетін залалына төменіректе ар-

найы тоқталамыз).

Осы жерде,

«тіркелген адам төлеген ақшасының

қарымында қандай да бір тауар, алтыннан жасалған

бұйым алады ғой»

деген қарсы уәж айтылуы мүмкін. Ал

оларға берер жауабымыз,

«егер бұл компанияға тіркеліп,