Дін мен Діл-2
183
Ал енді күнделікті өмірде өте қажет емес, аса қымбат
коллекциялық тауарды бір адамға алдыру үшін шама-
дан тыс жарнама, сан-түрлі айла-тәсіл қолдануыңа тура
келеді. Олай болмағанда, бір адамның өзіне керек емес
қымбат тауарды сатып алуы да мүмкін емес. Компания
адамдарды тіркелуге қалай көндіру керектігін үйрететін
«11 баспалдақ»
деп аталатын арнайы кітап және түрлі
дискілерді дайындатқызған. Адам психологиясын жақсы
меңгерген мамандар тарапынан дайындалған бұл кітапты
оқып алған адам алдындағы адамды оп-оңай өз дегеніне
көндіріп, компания өнімін алуына ықпал етеді. Ақшасы
жоқ болса, несие алуына немесе заттарын сатуына, яки, та-
ныстарынан қарыз алуға ұсыныс жасайды. «11 баспалдақ»
деп аталатын кітапта осының бәрі бүге-шігесіне дейін
анық жазылған. Адам психологиясына әсер ететін әртүрлі
сөздер мен біреудің жеткен жетістіктерін көрсету арқылы
кез келген адамды қымбат тауарды сатып алуға және
компанияға тіркеуге еріксіз көндіреді.
Адам бұл желілік маркетингіне көбіне тек таныста-
рын шақырады. Таныс адамды шақырғаннан кейін пре-
зентатор бұл маркетингті жалпы түсіндіреді де шығып
кетеді. Одан кейін орнына басқа кісі келіп жоспар сызып
толығырақ түсіндіреді. Түсіндіретін адамға
«follower»
делінеді.
«Follow»
– артынан қалмай қадағалау деген
мағынаны білдіреді. Кісіні тіркелуге көндіруде
«Фол-
лоу»
негізгі қызмет атқарады. Ертесі күні кешегі адамды
тағы шақырады (кел шай ішейік, бір әңгіме бар еді не-
месе интернеттен заттарды көрсетемін деген сылтаулар-
мен). Танысы тарапынан шақырылған әлгі адам айтылған
жерге ештеңе ойламай, бейқам келе қалады. Осы кезде
шақырып отырған кісі өзінен жоғары тұрған лидерлердің
біреуіне осындай уақытта, осындай жерге келе қал,
екеуміз кездейсоқ кездескен болып шақырған жаңа ада-