182
Дін мен Діл-2
ары қарай жұмыс жасау үшін компанияның қандай да
бір өнімін сатып алу шарты болмағанда, сізге бірінші
кезекте қажет емес, нарықта шынайы құны белгісіз
және жеткізіп берген үшін 60 доллар қосымша ақша
төленетін осындай удай қымбат коллекциялық тауар-
ды сатып алар ма едіңіз?».
Бұған әрине
«жоқ»
деп жау-
ап бересіз. Ендеше, тауар мақсат емес. Бізге келіп осы
істің харам-халалдығын білгісі келген кейбір студенттер
берген ақшаларының қарымы ретінде
«жеңілдіктері
бар саяхат карточкаларын»
алғандықтарын, ал ондай
карточкалардың өте пайдалы екенін алға тартты.
Оларға: – Сол
«саяхат корточкаларын»
алар кезде
ұшаққа мініп саяхат жасауға жағдайың бар ма еді? – деген
сауал қойылды.
– Олар: Әрине, жоқ. Бірақ, болашақта байып жатсақ
қыдырамыз да», – деген жауап қайырды.
– Демек, тауарды сатып алған сәтте сенің ондай
карточкаға қажеттілігіңнің болмағаны ғой. Ендеше,
«Quest net»
желілік маркетингінде тауар мақсат емес.
Төртіншіден
, «Quest net» желілік маркетингінде
– алдау, арбау, адам санасына түрлі жолдармен әсер ету
бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
من غشنا فليس منا
«Кімде-кім бізді алдаса, ол адам бізден емес»
деп,
саудада алдауды қатал ескертіп, мұсылманға жат әрекет
екенін түсіндірген. Бұл желілік маркетингіне тіркелу
үшін кем дегенде 670 долларға компанияның қандай да
бір өнімін алу шарт. Ал енді осы өзіңе бірінші кезекте
керек емес қымбат затқа төлеген ақшаңды қайтаруың
үшін өзіңнен кейін кем дегенде 18 адамның әрқайсысына
компанияның 670 долларлық бір өнімін алдыртуыңа тура
келеді. Олай болмаса, ақшаң құрдымға кетті деген сөз.