Previous Page  177 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

177

1. Шариғатқа теріс әдет-ғұрып пен дағды (ъурф

фәсид). Аят немесе хадистегі айтылған үкімге және

исламның жалпы қағидалары мен рухына, өмірлік

пәлсәпасына қайшы келетін әдет-ғұрып, қалыптасқан

дағды. Бұлар қабыл етілмейді. Мысалы, ер кісілер неке

жүзігін алтыннан тағу, тойды арақ-шараппен өткізу,

пайызға қарыз ақша беру т.б.

2. Шариғатқа сай әдет-ғұрып, дағды (ъурф сахих).

Аят немесе хадиске және Исламның жалпы қағидаттары

мен рухына қайшы келмейтін әдет-ғұрып, қалыптасқан

дағды

242

. Мысалы ретінде қыз ұзату мен беташар той-

ын атап өтсек болады. Исламда да келін түскен үйдің

шама-шарқынша дастархан жайып көрші-қолаң мен

туған-туысты шақыруы сауапты іс

243

. Сахаба Абдрахман

ибн Ауф өзінің үйленгендігін айтқанда, Алланың елшісі

(с.а.у.) оған:

«Бәрекелді! Бір қой сойсаң да, той-томалақ

жасап жібер»

244

,

– деген. Осы хадистен кейбір ғалымдар

«келін түсірген кісіге дастархан жаю – міндет»

де-

ген тұжырым шығарған. Алайда көпшілік ғалымдар оны

міндет емес, сүннет дейді

245

.

Ендеше,

«беташар»

тойы – Пайғамбарымыздың

үмбетіне айтып кеткен өсиетінің қазақи үлгісі десек те

болады.

242

Уһбәту Зухайли, Усулуль Фиқһ әл-Исләми – 830 бет.; Мухаммәд Әбу

Заһра, Усулуль Фиқһ – 273 бет.

243

Масули, Ихтияр – 4/189 бет.

244

Ибн Мәже, Уәлима – 1907;

Хамза Мұхаммәд Қасым, Манарул Қари шарху Сахихуль

Бухари – 5/119 бет.

245

Имам Нәуәуи, Рауздатут Талибин – 7/333 бет.;

Әл Маусуғатуль Фиқһия, уәлима – 45/234 бет. Кувейт.