173
Исламда салт-дәстүр, әдет-ғұрып
Дінімізде салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың үкімін ай-
тып берсеңіз
.
Қазақ тілінде әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне,
қоғам мүшелерінің мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне,
қоғамдық ойына, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес
ғасырлар бойыжинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар
жиынтығы
«салт-дәстүр», «салт-сана», «әдет-ғұрып»,
«ғұрып-ғадет»
деп аталады
232
. Бұл атаулар шариғат тер-
минологиясында көбіне арап тіліндегі
«ъадәт
)عادة(
»
және
«ъурф
)عرف(
»
сөздерімен белгілі. Демек, әдет-ғұрып,
ғұрып-ғадет сөздері араб тілінен қазақ тіліне енген.
Ъадәттің
)عادة(
сөзінің тілдік мағынасы – бір нәрсені
дағдыға, әдетке айналдыру дегенге саяды. Түбірі
«ора-
лу
)عودة(
»
деген сөз. Кісі дағдыға айналдырған бір ісіне
қайта-қайта оралып отыратындықтан оны
«ъадәт
)عادة(
»
деп атаған.
«Ъурф
)عرف(
» жағымды, ұнамды іс деген мағынаны
білдіреді. Құранда
«Ағраф»
сүресіндегі
»وأمر بالعرف«
аятын кей тәпсіршілер
«әдемілік пен ұнамдылыққа
бұйыр»
деп түсіндірме беруінің себебі де осында. Бірі
екіншісінің артынан тізбектесіп жүргенге де
«ъурфан
)عرفاً(
»
деп айтады
233
.
232
Қазақтың әмбебап сөздігі.
233
Салих ибн Ғаним, «әл-Қауағидуль Фиқһиятуль Кубра», 330-333 бе -
тер. Рияд.