Previous Page  169 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

169

Екінші көзқарастағы ғалымдардың тұжырымы бой-

ынша, бидғат екіге бөлінбейді. Кейіннен пайда болған

нәрселердің діни нігізі жоқ болса, сол ғана бидғат. Ал

дінде негізі бар болса, онда ол бидғат ұғымына мүлде

кірмейді.

Малики мәзһабының ғалымы

«Шариғат үкімдері-

нің мақсаты, мәні»

(Мақасыдуш-шариға) атты Ислам

құқық пәлсапасының негізін қалаушы Ибраһим ибн Муса

Әбу Исхақ әш-Шатыби (қ.ж. х. 790 / м.1388 ж.) мынадай

тұжырым алға тартады:

«...Ендеше бидғат – пәк Аллаға асыра құлшылық

ету мақсатында, шариғаттағы үкімдерге ұқсас, діни

мәселелерде ұстанатын жол ойлап табушылық...».

Ғалымның берген анықтамасы бойынша бір нәрсені

бидғат деу үшін төмендегідей ережелерге сай болуы

тиіс:

Біріншіден, кейінен пайда болған жаңалық діни

мәселеге қатысты болуы тиіс. Дүнияуи меселелерге

қатысты кейіннен туындаған үрдістер мен жолдарды

бидғат дей алмаймыз. Мысалы, түрлі өндіріс орындары,

бұрын болмаған үлкен қалалардың бой көтеруі т.б.

Діни мәселеде туындаған істердің өзі дінде негізі бар

және дінде негізі жоқ болып бөлінеді. Айталық, араб тілі

грамматикасы, сөздіктер, Усулул фиқһ, Усулуддин т.б.

сол сияқты шариғатқа қызмет ететін ғылымдар әуелгі

кезенде болмағанымен олардың шариғатта негіздері бар.

Бұларды бидғатқа жатқыза алмаймыз.

Екіншіден, шариғаттағы үкімдерге ұқсас сияқты

көрсетіп, оған діни сипат беру. Мысалы, ораза ұстағанда

мүлдем отырмай, тұрып жүремін немесе әрдайым күннің

астында жүремін, көлеңкеге бармаймын деп ниет ету

сияқты т.б.