Дін мен Діл-2
171
Ибн Ражаб әл-Ханбали атты ғалымның пікірі былай
болып келеді:
«Бидғат деп шариғат құптамайтын, негізі жоқ,
кейінен пайда болған нәрселерді айтамыз. Ал шариғат
құптайтын, дінде негізі бар нәрселер (кейіннен пайда
болса да) бидғат емес...»
229
.
Байқағанымыздай, екінші көзқарастағы ғалымдар
бидғатты
«жақсы»
және
«жаман»
деп екіге бөлмесе де,
дінде негізі бар кейіннен пайда болған нәрселерді бидғат
қатарына жатқызбаған.
Жоғарыда айтылғандарды зерделеген уақытта
бірінші және екінші көзқарастағы ғұламалар мына пікірде
ортақтасып отыр: шариғатқа қайшы келмейтін және дінде
негізі бар, кейінен пайда болған діни үрдістер құпталады.
Ал шариғатқа теріс түссе, оны қабылдамаймыз. Ханафи
мәзхабы ғалымдарымыздың да қабыл еткен бидғат түсіні-
гі осы. Ал олардың шариғатқа қаншалықты сай екенін
анықтау үшін дініміздің жалпылама қағидаларымен та-
разылаймыз. Егер діндегі харам категориясына кіретін
болса ол дағды – харам, сүннет болса – сүннет т.б.
230
Түйіндеп айтар болсақ, бір іс жалпылама дініміздің
негіздеріне теріс келмесе, бұған қоса, харамдығын
білдіретін өзге дәлел жоқ болса, ол әрекетті Пайғамбары-
мыз істемеген екен деп харамға жатқызу дұрыс емес.
Өйткені бір істі «Пайғамбарымыздың жасамауы» ол іске
харам деген үкім бекітуге негіз бола алмайды. Мұнда
ғалымдар арасында таласжоқ
231
. Пайғамбарымыздан кейін
де кейбір діни үрдістер сахабалар тарапынан бекітілген
жәйттар кездескен. Мысалы, жұма намазының әуелгі аза-
229
Сағид ибн Насыр әл-Ғамиди, Хақиқатуль Бидға уә ахкәмуһа, 1/264
бет. Рияд.
230
Ибн Ғабидин, Раддуль Мухтар – 2/299 бет.
231
Али Жума, әл-Муташаддидун – 60 бет. Каир. 2012 жыл.; Омар
Абдулла Кәмил, әл-Инсаф – 125 бет.