Previous Page  167 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

167

келіп, шариғаттағы бекітілген үкімді жоққа шығарып

жатса, ол басқа»

224

.

Яғни, Имам Ғазали Құран мен хадиске қайшы

келмейтін әрекетке рұқсаттың барын айтуда.

Ал Шафиғи мәзһабы ғұламасы Иззуддин Абдуль

Азиз ибн Абдуссәләм (қ.ж. 660 х.) бидғат жайында мына-

дай маңызды да салмақты тұжырым алға тартады.

«Бидғат деп Пайғамбарымыздың кезеңінде болмаған

нәрселерді айтамыз. Бидғат мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Уәжіп бидғат;

2. Харам бидғат;

3. Сауапты (мәндуб) бидғат;

4. Мәкрүһ (ұнамсыз) бидғат;

5. Сауабы да күнәсі да жоқ бидғат (рұқсат).

Туындаған жаңа нәрсенің аталмыш бидғаттардың

қай түріне жататындығын шариғат негіздерімен таразы-

лаймыз. Егер парыздың негіздеріне кіретін болса парыз,

харамның негіздеріне кіретін болса – харам, мәндубтың

(жағымды) негіздеріне кіретін болса – мәндүб, мәкрүһтың

негіздеріне кіретін болса – мәкрүһ және мубахтың

негіздеріне кіретін болса – мубах....»

225

.

Жоғарыдағы ғалымдардың анықтамаларына назар

аударсақ, пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін туындаған

жаңа құбылысты екі түрге бөлуге болатынын байқаймыз.

1. Жағымды бидғат (Бидғатун Хасана)

2. Жағымсыз бидғат (Бидғатун Сәии’ә)

Жағымды бидғатқа Құран мен хадиске үйлесетін,

діннің жалпы қағидалары мен құндылықтарына теріс

келмейтін, дінде негізі бар кейінен пайда болған үрдістер,

дағдылар, іс-әрекеттер жатады. Мысалы, мәуліт мерекесін

атап өту, намаздан кейін жамағатпен тәспі тартып, бірге

224

Али Жума, әл-Муташаддидун – 66 бет. Каир. 2012 жыл.

225

Қауағидул-әхкәм, «фаслун филь бидъ».