Previous Page  170 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 200 Next Page
Page Background

170

Дін мен Діл-2

Үшіншіден, Аллаға асыра құлшылық ету мақсатында

шығарылған болуы. Демек, діни мәселеде кейіннен

шығарылған үрдіс, құлшылық мақсатында жасалмаған

болса, ол да бидғатқа жатпайды

227

. Ғалымның айтуынша,

асыра құлшылық ету мақсатында кейінен шығарылған

ғибадат түрлерінің бәрі бидғат. Оның бұл теориясын

негізге алатын болсақ, билеп зікір ету т.б. адастырушы

бидғатқа жатады. Өйткені мұның нақты дәлелі жоқ әрі

асыра құлшылық ету мақсатында ойлап шығарылған

дүниелер.

Ғалым Ибн Ражаб:

«Кімде-кім дінде негізі

жоқтығына қарамай бір нәрсе ойлап тауып, соны дінге

телісе, міне сол – адасушылық»,

– деп, дінде жоқ нәрсені

діни етіп көрсетуді де бидғатқа кіргізе қарастырған.

Ислам

ғұламаларының

бірі

Кәләмші

әт-

Тафтазанидың бидғат жайындағы пікірі мынадай:

«Олар мынаны білмейді: жағымсыз бидғат – сахаба

мен табиғин заманында болмаған және дінде негізі жоқ,

дінде кейіннен пайда болған нәрселер. Анығында «Сендер

бидғат нәрселерден ұзақ тұрыңдар» деген хадисті алға

тартып, сахабалар кезеңінде болмаған дүниелердің бәрін

жағымсыз бидғаттар қатарына жатқызу да надандық.

Бұл хадистің айтпағы: «діндежоқ нәрсені дінге кіргізуден

сақтаныңдар» деп тұр»

228

.

Ғалымның айтпағы, әр жаңа пайда болған нәрсені

бидғат деу надандық.

Хафиз ибн Хажар әл-Асқалани былай дейді:

«Кейінен пайда болған бірақ дінде негізі жоқ

үрдістерді шариғатта «бидғат» дейді. Ал шариғатта

негізі болса, кейіннен пайда болса да ол бидғат емес.

Бидғат шариғатта жағымсыз, құптамайтын үрдіс....».

227

әш-Шатыби, әл-Иғтисам, 1/45-55 бет.

228

Омар Абдуллаһ, Әл-Инсаф – 115 бет.