Previous Page  174 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 200 Next Page
Page Background

174

Дін мен Діл-2

Аталмыш екі терминнің (

«ъадәт

)عادة(

»

пен «ъурф

)عرف(

») шариғаттағы мағынасы: белгілі бір әлеуметтік

ортаның, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-

тіршілігініңбұлжымасқағидаларынаайналғанжөн-жосық,

жол-жоралғыны білдіреді. Дініміз әр елдің шариғатқа

қайшы келмейтін өзіндік салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарына

рұқсат береді. Жаһилдік тұрпайы сенім-негіздерін

түгелімен өзгерткен дініміз, күнделікті тіршілікте

кездесетін адамдардың өзара қарым-қатынастарына бай-

ланысты қоғамда қалыптасқан дағдылардың біршамасын

тыйса, кейбірін исламның негізгі қағидаларына қайшы

келмейтіндей етіп өзгертсе де, түгелдей тыймаған.

Ал исламның рухына қайшы еместерін сол күйінше

қалдырды. Мысалы, ислам діні ішімдік, құмар ойында-

ры, өсім жеу, парақорлық, әйелді қор санау, төртеуден

көп әйел алу

234

, зинақорлық сияқты дағдыларды түбегейлі

тыйды. Ал, керісінше серіктесіп сауда жасау, бір затты

жалға беру, «сәләм» сауда келісімі, зихар талағы, ант ету

іспетті үрдістерге біршама өзгерістер енгізгенімен, сол

күйінше қалдырды. Өйткені жақсы нәрсені бұйырып,

жамандықтан тыю – Исламның негізгі ерекшелігі.

Ислам құқығында (фиқһ) мәселенің үкімін анықтауда

жергілікті әдет-ғұрыпқа да сүйенетіні содан. Әсіресе,

негізгі дәлелдері мен үкімі табылмаған жағдайда неме-

се бар үкімді іс жүзіне асыру кезінде әдет-ғұрыппен де

санасып жататын кездер болады. Бұлай жасау ардақты

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетінен де табылады.

«Сахих Муслимде»

риуаят етілген хадисте Әбу

Суфиянның әйелі, күйеуінің оған және ұлына жететіндей

нәпақа бермейтіндіктен, ақшасын оған айтпай алғандығын

жәнебұлісініңкүнәма,жоқпаекендігінПайғамбарымыздан

(с.а.у.) сұрайды. СондаАлланың елшісі (с.а.у.):

«Әдеттегі

234

Әбу Дәуіт – 2241.