Previous Page  175 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

175

мөлшерде дүниесінен өзіңе және балаңа жетерліктей

ал»,

– деген. Осы хадиске түсіндірме беру барысында

Имам ән-Нәуәуи:

«Бұл хадис – шариғатта анық-айқын

көрсетілмеген кейбір мәселелерде әдет-ғұрыптынегізге

алуға болатындығына дәлел»,

– дейді

235

.

Кей ғалымдар

«Ағраф»

сүресіндегі ««

وأمُر بالعرف

»

аятын шариғатта әдет-ғұрыпты негізге алу керектігіне

дәлел етіп көрсетеді

236

. Фиқһ ғылымында оның ішінде,

әсіресе, Ханафи және Мәлики мәзһабтарында

«әдет-

ғұрып»

– шариғат үкімдерін шығару жолдарының бірі.

Арнайы, фиқһ ғылымында

«әл-Ъадату мүхаккәмә (Әдет-

ғұрып – шариғат үкімін анықтайтын негіз етілді)»

237

де-

ген өз алдына үлкен бір қағида түзелген. Бұл да жергілікті

әдет-ғұрыптың шариғатта маңызды орынға ие екендігіне

дәлел.

Ибн Нүжәйм де былай дейді:

«Мынаны білгейсің:

Фиқһ ғылымында көптеген мәселеде әдет-ғұрыпты

назарға алады. Ол шариғат негізі ретінде есептеледі»

238

.

Дегенмен, бір мәселеде әдет-ғұрыпты, қалыптасқан

дағдыны негіз ретінде алуымыз үшін ол мәселе жайын-

да аят не хадис келмеген болуы керек. Егер, қандай да

бір мәселеде әдет-ғұрыпқа қайшы аят не хадис белгілі

бір үкімді бекіткен болса, онда ол мәселеде әдет-ғұрып

негізге алынбайды

239

. Имам Сарахси бір сөзінде:

«Насқа

(Құран-хадис) қайшы келетін әдет-ғұрыптар негізге

алынбайды»

240

,

– деген.

235

ән-Нәуәуи, Сахих Муслим шархы, «Китабуль ақдия», №1714-хадис

түсіндірмесі.

236

Ағраф – 199-аят.

237

Салих ибн Ғаним, «әл-Қауағидуль Фиқһиятуль Кубра», 338 бет.

Рияд.

238

Зинул ғабидин, әшбәһ уән Нәзаир: «алтыншы қағида» – 1/295 бет.

239

Али Хайдар, Дүрәруль Хуккәм Шәрху Мәжәлләтиль Әхкәм –

1/45 бет.

240

Салих ибн Ғаним, «әл-Қауағидуль Фиқһиятуль Кубра», 367 бет.

Рияд.