176
Дін мен Діл-2
Малики мәзһабының белді білгірі
«Мақасыдуш-
шариға (Шариғат үкімдерінің мақсаты, мәні)»
атты
Ислам құқық пәлсапасының негізін қалаушы ғұлама
Ибраһим ибн Муса Әбу Исхақ әш-Шатыби (өл. х. 790 /
м.1388 ж.) өзінің
«әл-Муафақат»
атты еңбегінде әдет-
ғұрып жайында былай дейді:
«Қалыптасқан әдет-ғұрып
екі түрлі: Біріншісі – шариғат дәлелдері бұйырған неме-
се тыйған нәрселері. Яғни, діннің кейде бұйырып, немесе
кейде кеңес еткен не рұқсат еткен, яки тыйған, ұнамсыз
көріп құптамаған нәрселері. Мысалы, денені нәжістен
таза ұстау, ғибадатқа дәрет алу, әурет жері жабық
болу, қағбаныжалаңаштауаф етпеу сияқтышариғатта
үкімі бар әдет-ғұрыптар. Бұлар да шариғат үкімдерінің
қатарына кіреді. Шариғатта үкімі бар әдеттердің
үкімі өзгермейді. Екіншісі – шариғатта күнә-сауабы
айтылмаған, әр елде қалыптасқан салт-дәстүрлер,
әдет-ғұрыптар. Мұндай әдет-ғұрыптар әр елде әр түрлі
боп келеді. Кей елде жақсы саналатын нәрсе, басқа елде
жаман боп есептелуі мүмкін. Мысалы, ер кісілерді басы
ашық жүру әр жерде әр түрлі. Шығыс елдерінде кісінің
басының ашық жүруін қош көрмейді. Ал батыс елдерінде
мұндай әдет жоқ. Шариғат үкімі де соған қарай екі
түрлі үкім беруі мүмкін....»
241
.
Бұл пікірге қарағанда, әдет-ғұрыптар екі түрлі.
Біріншісі – шариғатта үкімі бар әдет-ғұрып. Бұның үкімі
шариғаттың бекіткені бойынша қалады, өзгермейді.
Екіншісі – шариғатта үкімі айтылмаған дәстүрлер.
Мұндай дәстүрлер өзгермелі келеді. Осыған қарай пәтуа
да әртүрлі болады.
Қорыта келе айтарымыз, жергілікті халықтың әдет-
ғұрпы мен салт-дәстүрін екіге бөліп қарастыруға болады:
241
Имам Шатыби, әл-Муафақат – 2/488-489 беттер.