168
Дін мен Діл-2
дұға жасау, Құран бағыштау, ілім адамдарына ғылыми
атақ беру, ғылыми жаңалықтар ашу, мәзһаб ұстану
сыңды дінде негізі бар, не дін құптайтын жаңа нәрселерді
жатқызсақ болады.
Жағымсыз бидғат деп, кейінен пайда болған, Құран
аяттары мен хадис және сүннетке теріс келетін, дініміз
мақұлдамайтын, құптамайтын дағдыларды айтамыз. Мы-
салы, әулие-әмбиялардың мазарын тауап ету, ағашты
киелі санап, мата байлау сияқты дінге қайшы үрдістер
мен ырымдарды атасақ болады.
Бидғатты яғни кейіннен туындаған үрдістерді
жоғарыдағыдай екіге бөлуді ардақтыПайғамбарымыздың
(с.а.у.) мына асыл сөзімен де негіздеуге болады.
«Сахих
Муслимде»
келген бір хадисте былай делінген:
«مَنْ سَنَ فِي السلام سُنَةً حَسَنَةً فَعُمِلَ بِها بعْدَهُ كُتِب لَه مثْلُ أَجْر من
عَمِلَ بِهَا وَلا يَنْقُصُ مِنْ أُجُورِهِمْ شَيْءٌ، ومَنْ سَنَ فِي السلام سُنَة
سَيِّئَةً فَعُمِلَ بِهَا بَعْدَهُ كُتِبَ عَلَيْهِ مِثْلُ وزر من عَمِلَ بِهَا ولا يَنْقُصُ من
أَوْزَارهِمْ شَيْءٌ». رواه مسلم
«...Кім де кім Исламда жақсы жолға (сүннет) ба-
стаса, одан кейін сонымен амал еткендерге берілетін
сауап та дәл сондай етіп, еш кемітілместен оған да
жазылады. Ал кім Исламда жаман жолға бастаса,
одан кейін сонымен амал еткендерге жазылатын күнә,
еш кемітілместен, оған да жазылады...»
226
.
Жоғарыдағы хадиске үңіліп қарасақ, кейінен пай-
да болған, бірақ исламға қайшы келмейтін, діннің
қағидаларына сәйкесетін діни іс-әрекеттер мен дағды
«жақсы жол»
деп берілген. Ал керісінше Исламға қайшы
іс- әрекеттер
«жаман жол»
деп күнә қатарында аталған.
226
Сахих Муслим, «Китабуль илим», №1017-хадис.