Дін мен Діл-2
163
қыру – мәкрүһ (ұнамсыз әрекет)
215
. Сақал жіберудің ең
кәміл мөлшері – бір тұтам ұзындығында болады
216
. Мы-
сыр еліндегі
«Пәтуа шығару басқармасы»
(Дарул-ифта) 7
қаңтар 2013 жылғы фәтуасында сақал қоюды парыз емес,
ұнамды іс деп үкім шығарған
217
.
Бұл көзқарасты Қазы Айяз, Имам ән-Нәуәуи және
әр-Рафиғи секілді танымал ғалымдар ұстанған. Олардың
тұжырымы бойынша:
1. Өйткені хадистегі берілген әмір
«міндеттілікті»
емес, үсті-басын түзетіп, әдеміленуді білдіреді.
2. Сондай-ақ, хадистерде
«сақал өсіру», «мұрт алу-
мен»
қатар келген. Ал мұрт алу басым көпшілік пікірінде
сүннет.
3. Және де, сақал өсіру дегеніміз, тырнақ алу, мису-
ак қолдану, мұрын мен ауыз шаю сияқты адамның табиғи
қажеттілігімен қатар тұрады.
4. Сақалды қыру тек ұнамсыз әрекет, харам емес
218
.
Қорытындылай келе айтарымыз, сақал арнайы бір
топты немесе жеке басты өзгеден ерекшелеп тұратын
дүние емес, ол барша мұсылмандарға тән. Сондықтан
уәжіп деген үкімді немесе сүннетті орындағысы кел-
ген мұсылмандар сақал қойып, мұрттарын қысқартуда.
Бірақ сақалды қараусыз, күтімсіз қалай болса, солай
өсірмеген жөн. Айша анамыздан келген бір хадисте де,
Алла елшісінің сақалының жанынан және ұзындығынан
біраз алып жүретіндігі де риуаят етіледі
219
. Яғни, егер
сақалды мүлдем қысқартпай жіберу міндет болғанда,
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сақаланың ұзындығын не
215
Юсуф Қардауи, әл-Халал уәл Харам
216
Уахбату Зухайли, Фатауа Муғасыра, 310 бет.; Маулана Закария әл-
Кәндаһләуи, «Ужубу Иғфаил Лихя»
217
http://almesryoon.com/permalink/77335.html;
218
Мухаммад Ахмад әш-Шариф, «әл-Лихя».
219
Тирмизи сүнәні.