Previous Page  158 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 200 Next Page
Page Background

158

Дін мен Діл-2

Орамал тағудың физиологиялық тұрғыдан да

әйелдерге пайдасы бар. Әрине, бұл өз алдына жеке

зерттеуді қажет ететін бөлек мәселе. Десек те, С. Асфен-

дияров атындағы Мемлекеттік медицина университеті-

нің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина

ғылымының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева

бұл жайлы былай дейді:

«Ер адамдар көбіне көктен,

әйелдержерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің

шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш

келеді. Бұл да оның, әсіресе, бас ауруына ұшырауына әсер

етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кезде-

скендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы»

,

т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса,

ашық-шашық жүрген әйел көктен өзіне қажет емес артық

қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гистостерон гор-

моны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гормональды

бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлі ісік,

т.б. ауруларға жол ашады»

208

.

Исламда әйел өз көркін бөгделерге емес, тек

өзінің некелі еріне ғана көрсетеді. Сондықтан шариғат

әйелдердің некелі ерлерінің алдында барынша әдеміленіп

жүру, күйеулерінің назарын көшедегілерге емес, өздеріне

қаратуға әрекет етуді салиқалы амалдардың қатарына

жатқызады. Әдемілігі мен тәнін жұртқа көрсетуге ты-

рысу – әйел адамды мақтаншақтық пен рияшылдыққа

тәрбиелейді. Ондай адамның табиғаты әрдайым

көрсеқызарлық пен бәсекелесуді қалап тұрады.

Құранда әйел адамның киетін киімінің нақты форма-

сы айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін қатты

кескіндемейтіндей кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың

төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай

кез-келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар

208

Мұсылман журналы, 25-бет. №1/ Қаңтар айы, 2004 ж.