154
Дін мен Діл-2
байырғы Израйлде зинақор әйелдердің орамал тағуына
рұқсат берілмейтін. Сондықтан, зинақор әйелдер өздерін
абыройлылардың санатында көрсету үшін арнайы орамал
түрін тағатын. Европадағы еврей әйелдері сол жердің
тұрақты мәдениетімен араласа бастаған ХІХ ғасырға
дейін орамал тағып келген. ХІХ ғасырда европа қоғамы
басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен кейбір еврей
әйелдері орамалдың орнына парик киіп жүруді шығарды.
Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада ғана орамал тағады.
Еврей дінінің Хасидизм бағытын ұстанушылар орамалға
балама ретінде әлі күнге дейін парик тағуда.
Ал христиан дінінде орамал тағу мәселесі қалай?
Католик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылдан
бері орамал тағатындығы белгілі. Тертуллиян атты хри-
стиан ғалымы бойжеткендердің шашын бүркемелеуге,
жабуға байланысты баяндамасында былай дейді: «
Бой-
жеткендер, көшеде жүргенде бастарыңа орамал
тағыңдар, шіркеуде, бөгда адамдардың жанында және
өз ер бауырларыңның жанында бастарыңды ашық
ұстамаңдар....».
Бүгінгі Католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде
әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы
бабтар бар. Амиш және Меннонидтер сияқты кейбір хри-
стан ағымдары әлі күнге дейін әйелдердің орамал тағуын
талап етуде
203
.
Алысқа бармай-ақ орыс халқының ұлттық киіміне,
назар аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген.
Демек, орамал тағу ислам діні әкелген жаңалық емес.
Жаһанданудың арқасында біз бүгінгі таңда ба-
тыс мәдениетінен барынша әсерлендік. Әсерленгеніміз
соншалық, оған ес-түссіз беріліп, жақсы-жаманын ажыра-
тып жатпастан, залалы мен пайдасын сараламастан оларға
203
Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер