Previous Page  149 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

149

Ал енді ислам дінінің көп әйел алуға рұқсат етуінің

өзіндік бірқатар себептеріне тоқталайық. Ер адамдардың

саны әйел адамдарға қарағанда әжептеуір аз. Оның себебі,

ер адамдардың қазалы оқиғаларға көптеп душар болу-

ында. Мысалы, соғыстарда, жол апаттарында, тағысын

тағы басқа жағдайларда ер адамның көптеп қаза таба-

тыны сөзсіз. І-ІІ дүниежүзілік соғыста миллиондаған ер

адамның қаза тапқанына тарих куә. Қаза тапқан бұл ер

кісілердің артында көзі жәутеңдеген бірнеше баласы-

мен еңіреген жас әйелдері жесір қалды. Осы мыңдаған,

миллиондаған жесір қалған әйелдерге де үйленіп жанұя

құратын ер адамның, жас бүлдіршіндеріне қамқорлық

көрсетер әкенің қажет екені сөзсіз. Екі әйел алуға рұқсат

жоқ жағдайда бұл мәселе қалай шешілмек? Қорғансыз

аналар мен бүлдіршіндер кімге аманат?

Қазіргі таңда көптеген елдерде соғыс болмаса да әйел

санының ер адамдардан әлдеқайда басым екені белгілі.

Осының салдарынан көптеген бойжеткендер уақытында

тұрмыс құра алмай, оң босағада отырып қалуда. Әрине,

бұл қыздардың да отбасын құрғысы келетіні, ана болуды

аңсары, белгілі біреудің қамқорлығын, өмірдегі тірегін

іздері хақ.Албұлмәселелер заңдытүрде әріжауапкершілік

шеңберінде шешілмеген жағдайда қоғамда түрлі келеңсіз

жайттардың етек алары сөзсіз.

Бұлардандажиі кездесетінбіржағдай–ерадамныңекі

әйел алуға мәжбүр болу жағдайы. Перзент сүйгісі келетін

ер азамат некелескен әйелі дүниеге бала алып келе алмай-

тын бедеу болған жағдайда не істейді? Бірінші әйелімен

ажырасып, басқамен үйлене ме? Яғни, сәби дүниеге әкеле

алмағандығы үшін онсыз да жарым көңіл жүрген әйеліне

опасыздық жасап, оны талақ етіп, басқа біреумен қол

ұстасып кете бармақ па? Жоқ әлде әйелін де далаға та-

стамай, оған күйеу әрі сүйеу болып екінші бір әйелмен