Previous Page  145 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

145

атты білім беру, үлкен зертханалар құрып, ғылыми

жаңалықтар ашу, қысқасы, жүректері діни тағылыммен,

ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, рухани біліммен

нәрленген, ал ақыл-ойлары қазіргі озық ғылыммен

сусындаған еңсесі биік ұрпақ жетілдіру – міне, қазіргі

мұсылмандардың кезек күттірмей іске асыратын ең

үлкен жиһады болмақ. Бұл жолда қолымыздағы бар

мүмкіншілігімізді сарп етуіміз ләзім. Бай байлығын,

мұғалім білімін, тәрбиеші тәлім-тәрбиесін берсе, лауа-

зымды орындықта отырған кісілер де қолдарынан келген

барлық қолдауларын көрсетсе, қысқасы, ел болып әркім

өз үлесіне тиген міндетін, мүмкіншілігін Алла разылығы

үшін атқарса, міне, сонда ғана мұсылмандар өз пробле-

маларын сауатты шеше алады. Әлдебіреулердің саяси

ойыншығы болудан, пікір бодандығынан, экономикалық

тәуелділіктен құтылады. Сонда ғана мұсылман әлемі

күшейіп, әлемдегі барлық озбырлық әрекеттер мен

әділетсіздіктерге батыл қарсы тұра алады. Сонда ғана

мұсылман әлемі мемлекеттер арасындағы тепе-теңділіктің

сақталуына, әлемде бейбітшіліктің орнығуына тарихтағы

орны толмас өз үлестерін тағы да көрсете алмақ.