Previous Page  143 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

143

мешіттермен қатар терезелері тең тұр. Бұл исламның өзге

дін өкілдеріне деген толеранттық көзқарасының айқын

көрінісі. Исламда мұсылманшылықты қабылдамағаны

үшін адамөлтіру деген ұғымжоқ. Исламға әркімөз еркімен

саналы түрде кіруі тиіс. Алла тағала Құранда бұл туралы

«Дінде зорлық жоқ»

198

деп кесіп айтады. Ғасырлар бойы

мұсылмандардыңҚұранның осыбір өміршең қағидасынан

айнымағанына тарих куә. Бұл ақиқатты батыстың өзі

мойындайтындығына айғақ ретінде С. Арнольдтың мына

сөздерін келтірейік:

«Мұсылмандардың христиандар-

ды жеңгеннен кейінгі жасаған толеранттық қарым-

қатынастары ауыз толтырып айтуға тұрарлық жайт.

Олардың бұл қарым-қатынастары кейінгі ұрпақтарда

да жалғасын тапты. Шындығын айтар болсақ, хри-

стиан тайпалары кейіннен исламға кірген уақытта

өздерінің дербес ерік-қалауларымен кірген еді. Бүгінге

дейін мұсылмандардың арасында христиандардың ғұмыр

кешуі – олардың осы толеранттық әрекеттерінің айқын

көрінісі».

Мысырдағы мұсылмандардың жеңісіне куә

болған Никео епископы Джон (694 жылда өмір сүрген)

мұсылмандардың сол кездегі қолбасшысы Амр ибн

Астың өзге дін өкілдеріне көрсеткен құрметін былай деп

тілге тиек етеді:

«Ол шіркеулерден еш нәрсе алмады.

Талан-таражға салмады. Тіпті, шіркеулердің мүлкіне

қол тигізбеді де»

199

.

Міне, осы сияқты тарихи дәлелдер кейбіреулердің

айтқанындай исламның жер жүзіне қылыштың жүзімен

емес, айдай анық ақиқаттары мен оны ұстанушы

мұсылмандардың адамгершілігі мен толеранттық

ұстанымдарының арқасында жайылғандығын білдірсе

керек.

198

«Бақара» сүресі, 256-аят.

199

Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Йени умит

журналы, 24-бет, №47, Стамбул, 2000 ж