142
Дін мен Діл-2
жабылуы тиіс? Бұл тек күн санап көркейіп, өсіп келе
жатқан дінімізге жаны қас дұшпандардың жапқан жаласы
мен жаққан күйесі ғана.
Құрандағы:
«Оларды (мүшріктерді)
қайда
көрсеңдер, сол жерде өлтіріңдер»
197
аятын лаңкестер
өз істеріне ақтау ретінде қолдана алмайды. Себебі,
бұл аят соғыстың қызып тұрған кезінде қолына қару
алып, мұсылмандарды өлтіру ниетімен соғыс майда-
нына шыққан дұшпан әскерін
«сендер де өлтіріңдер»
деген мағынаны білдіреді. Әйтпесе, бейбіт жатқан кез-
келген өзге діндегілерді
«қайда көрсеңдер, сол жер-
де өлтіріңдер!»
деген мағынаны білдірмейді. Исламда
мұсылман өлкесінде тұратын өзге дін өкілдерін өлтіру
былай тұрсын, оларға мұсылман болмағанын желеу
етіп, титтей де болса әділетсіздік жасау дұрыс емес.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:
﴿مَنْ أذَي ذِمِّيّا فَأنَا خَصْمُهُ وَ مَنْ كُنْتُ خَصْمُهُ أُحَاسِبُهُ يَوْمَ الْقِيامَةِ﴾
«Кім де кім бір зиммиға (мұсылман елінде тұратын
өзге дін өкілдері) қиыншылық көрсететін болса, мен ол
адамның дұшпанымын. Ал мен кімнің дұшпаны болсам,
онымен ақырет күні жеке есептесемін»,
– делінген.
Басқабірхадисте:
«Кімдекімбіздіңқарамағымыздағы
зиммиді өлтірсе, жәннаттың иісін де иіскемейді»,
–
деп, келісім бойынша мұсылман өлкесінде тұрып жатқан
басқа дін өкілін өлтірген адамның жәннаттан мақұрым
қалатындығынбілдірген.Міне, дініміздіңосыкеңшілігінің
арқасында ғасырлар бойы мұсылман елдерінде христиан-
дарбейбіт ғұмыркешуде.Олардыңдінирәсімдері менжеке
істеріне мұсылмандар араласпаған. Оларға пікір, және
сенім бостандығы берілген. Қазірге дейін Мысыр, Түркия,
Сирия сияқты мұсылман мемлекеттерінде шіркеулердің
197
«Бақара» сүресі, 191-аят.