138
Дін мен Діл-2
лион адам жараланып, олардың 7 миллионы өмірмен қош
айтысқаны белгілі
192
.
Жоғарыда да айтылғандай, соғыс – тек бейбіт шешу
жолы түгелдей таусылған кезде барылатын соңғы жол.
Рұқсат етілген бұл соғыстың өзін жекелеген адамдар, яки
белгілі бір топ бұйрық беріп бастата алмайды. Соғысқа
қатысып-қатыспауды шешетін,
«жиһад!»
деп аттан сала-
тын,
«соғысыңдар!»
деп бұйрық беретін тек қана мемле-
кет болуы тиіс. Әйтпесе, кез-келген соғысқұмар адамның
ашқан соғысы жиһадқа жатпайды.
Әлемде болып жатқан террорлық әрекеттермен
Исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам сөзі
«бейбітшілік, амандықесендік»
деген мағынаға саяды.
Ислам діні – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты
орнату үшін жіберілген Құдайлық соңғы дін. Міне,
сондықтан әр мұсылман, тіпті, сәлем бергеннің өзінде
қалжағдай сұрап емес,
«бейбітшілік пен тыныштықты
тілеп амандасады. Мұсылмандардың сәлемдесуде ай-
татын «әссәламу алейкум» сөзі «сендерге Алланың
бейбітшілігі мен есендігі, тыныштығы болсын!»
деген
мағынаны білдіреді.
«Ислам», «сәлам», «мұсылман»
сөздерінің барлығының түбірі бір. Яғни, бейбітшілік
пен тыныштықтың мағынасын қамтитын сөздер. Ислам
бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы
сол бейбітшілікті өзінің отырып-тұруында, сәлемі мен
сөйлеуінде, өзгелермен қарымқатынасында, қысқасы,
әрбір ісәрекетінде іс жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.
«Бейкүнә бір адамды өлтіру – күллі адамзатты
өлтірумен тең»
193
.
Бұл ереже қасиетті Құранда айтылған.
Олай болса, қаншама бейкүнә адамның, періштедей
192
Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Йени умит
журналы, 24-бет. №47, 2000 ж. Стамбул.
193
«Маида» сүресі, 32-аят.