Previous Page  136 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 200 Next Page
Page Background

136

Дін мен Діл-2

тағала оларға жәрдем беруге толық күші жетеді. Олар

ешбір себепсіз тек «Раббымыз – Алла» дегендері үшін

отандарынан қуылды...»

187

.

Демек, өздеріне ешбір себепсіз зұлымдық жасап,

сан-алуан қиыншылықтарға душар етіп, елінен-жерінен

кетуге мәжбүрлеп, мал-мүліктерін талан-таражға салған

адамдарға қарсы соғысуға тек он бес жылдан кейін ғана

рұқсат етілді.

Исламда негізгі ұстаным – бейбітшілік. Бұл туралы

Алла тағала былай дейді:

«Егер олар сендерден аулақ

тұрса, әрі сендермен соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт

тұруды ұсынса, онда Алла тағала сендердің оларға

шабуыл жасауларыңа ешқандай жол бермеді»

188

.

Алла тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешуді

былай қойғанда, мұсылмандардың оларға жақсылық әрі

әділдік танытуларына қарсы еместігін білдірген.

«Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендерді

өз отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға

жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті

болуларыңа Алла тағала қарсы емес. Өйткені, Алла

тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді»

189

.

Соғыс – дипломатиялық жолдар түгелдей іске

аспаған жағдайларда ғана амалсыз барылатын ақырғы

шара. Ал бейбітшілікке, келісімге қайтадан мүмкіншілік

туған жерде соғысқа жол жоқ. Яғни, қарсы жақ соғысты

тоқтатып, келіссөз сұраса, мұсылмандар да соғысты

тоқтатып, келіссөзге жүгінулері абзал.

«Егер олар

келісөзге, бейбітшілікке (ниет білдірсе) жақындаса,

сен де жақында»

190

.

187

«Хаж» сүресі, 39-40 аят.

188

«Ниса» сүресі, 90-аят.

189

«Мүмтахина» сүресі, 7-аят.

190

«Әнфал» сүресі, 61-аят.