132
Дін мен Діл-2
атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара исламдағы жиһад
ұғымының аясына кіреді.
Жиһад–еңәуеліөзіңдітүзету.Ішкідүниеңді,жүрегіңді
тазарту. Болмысыңды қызғаншақтық, қанағатсыздық,
сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі жа-
ман қасиеттерден арылтып, бойға көркем қасиеттер жи-
нау. Қысқасы, нәпсіңмен әрдайым үздіксіз күрес. Себебі,
әуелі өз басын түзете алмаған адам, нәпсісін жеңіп, кәміл
адам болу жолына түспеген жан өзгені қалай түзетіп, тура
жолға қалай шақырмақ?!
Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың
маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Себебі, адам өзінде
жоқ нәрсені басқаға қалай бермек? Пайғамбарымыз бірде
соғыстан шаршап, шалдығып келе жатқан сахабаларына
«Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық» деген
кезде сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» де-
ген не?» – деп, таңғала сауал қойды. Пайғамбарымыз:
«Ол – өз нәпсіңмен күрес», – деп жауап қайырды. Міне,
көрдіңіз бе? Неге? Өйткені, нәпсімен күрес қолға қару
алып дұшпаннан соғысқаннан да қиын. Олай дейтініміз,
сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені, қашанға дейін
болатындығы белгілі. Сондықтан онымен күресу оңай.
Ал, нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішіңде. Қай жақтан,
қалай келіп айласын асыратыны да белгісіз. Оның
дұшпандығы белгілі бір уақытпен шектелмейді, әрдайым
сенімен бірге. Міне, сондықтан пайғамбарымыз сыртқы
дұшпанмен күресті «кіші жиһадқа» жатқызса, нәпсімен
күресті «үлкен жиһадқа» балаған.
Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад
жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші» деп, нәпсімен
күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен.
Жиһад ұғымы адамға, қоғамға, жағдайға қарай
түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби