128
Дін мен Діл-2
зікірдің ең қайырлысы» деген хадиске қайшы келмейді.
Кейбір ғалымдар жария зікірдің абзалдығын айтқан.
Өйткені жария зікірде амал көбірек болады. Сондай-ақ
оның пайдасытыңдаушыларға датиеді. Зікір айтушының
жүрегін оятады әрі ерік-жігерін белгілі бір пікірге
шоғырландырып, ойын айтылған мағынаны тыңдауға
бұрады. Ұйқысын оятып, белсенділігін арттырады».
Имам ән-Науауи:
«Зікір жүрекпен болатыны секілді
тілмен де болады. Ең абзалы, зікірдің жүрекпен әрі
тілмен бірге болғаны. Егер екеуінің біреуімен ғана жа-
сайтын болса, онда жүрекпен жасалған зікір абзал бола-
ды. Сосын риядан қорқып, тілмен зікір айтуды тастауға
болмайды. Тілмен де, жүрекпен де айтқан дұрыс. Әрине,
бұлардың бәрінде тек Алланың разылығын мақсат ету
ләзім»
181
.
Зікірдің нақты сандары бола ма?
Сопылық тариқаттарда
«мына зікірді күніне 100 рет,
ал мынаны 1000»
рет айту қажет деп кейбір зікірлерді
санмен белгілеп, мүридтерді міндеттеп жатады. Білейін
дегенім, зікірді белгілі бір санмен белгілеп, айтқызудың
шариғатта негізі бар ма?
Намаз соңындағы 33 рет
«субханаллаһ»,
33-рет
«әлхамдулиллаһ»,
33-рет
«Аллаһу әкбар»
деп белгілі бір
мөлшерде тәспі тартудың сауаптылығын айтқан хадистен
көпшілігіміз хабардармыз. Бұдан өзге де зікірлерді белгілі
бір мөлшер, санмен айту Алла елшісінің (с.а.у.) бірқатар
хадистерінде білдірілген. Мысалы, Әбу Һурайрадан
риуаят етілген хадисте Алла елшісі (с.а.у.) былай дейді:
«Кімде-кім «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу ләә шарии-
ка ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа ъала кулли
181
Абдул-Қадир Иса, Хақаиқ анит-тасаууф, «Мұқаттам» баспасы, Каир,
2005ж.111-бет.