Previous Page  123 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

123

فِي نَفْسِي وَإِنْ ذَكَرَنِي فِي مَلٍَ ذَكَرْتُهُ فِي مَلٍَ خَيْرٍ مِنْهُمْ وَإِنْ تَقَرّبَ إِلَيّ

ًبِشِبْرٍ تَقَرّبْتُ إِلَيْهِ ذِرَاعًا وَإِنْ تَقَرّبَ إِلَيّ ذِرَاعًا تَقَرّبْتُ إِلَيْهِ بَاعًا وَإِنْ

أَتَانِي يَمْشِي أَتَيْتُهُ هَرْوَلَة

Әбу һурайрадан риуаят етілген құдси хадисте Ра-

сулалла (с.а.у.) Алла тағаланың былай дегенін айтты:

«Мені құлым қалай ойласа, солай боламын. Мені ол

зікір етсе, мен де оны ескеремін. Егер ол мені іштей

есіне алып зікір етсе, Менде оны іштей ескеремін.

Егер мені көпшіліктің алдында еске алып зікір етсе,

Мен де оны одан да қайырлы көпшіліктің құзырында

ескеремін. Егер ол маған бір қарыс жақындаса, Мен

оған шынтақ көлеміндей жақындаймын. Ал маған

шынтақ көлеміндей жақындаса, Мен оған құлаш

көлеміндей жақындаймын. Егер ол маған жүріп келсе,

Мен оған жүгіре жетемін»

174

.

Әнас ибн Мәлік Алла елшісінің (с.а.у.):

«Қандай да

бір қауым тек қана Алланың разылығын қалап, Алланы

зікір етуге жиналатын болса, аспаннан бір шақырушы

«Күнәларың кешірілген күйде орындарыңнантұрыңдар.

Алла сендердің жаманшылықтарыңды ізгілікке айнал-

дырды» деп дауыстайды»,

– дегенін жеткізді.

Бұхари мен Мүслимде Әбу Һурайра Алла елшісінен

(с.а.у.) мынандай хадис риуаят етті:

«Жолдарды айна-

лып зікір иелерін іздеп жүретін Алланың періштелері

бар. Егер олар Алланы зікір етіп отырған бір қауымды

кездестіртін болса, мында қажеттеріңе келіңдер деп

бір-бірін әлгі жерге шақырады. Сөйтіп олар дүние

аспанына дейін оларды қанаттарымен қоршап жау-

ып тұрады. Алла тағала зікір етіп отырғандардың

жағдайын періштелерден де жақсы біле тұра олардан:

174

Бұхари және Мүслим.