Previous Page  120 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 200 Next Page
Page Background

120

Дін мен Діл-2

бойы ораза ұстап, құлшылық жасауға бұйырылғандығы

баяндалған. Байқағанымыздай, аятта түнгі ғибадаттың

маңыздылығын білдіру үшін қырық күн емес,

«қырық

түн»

делінген.

«Хилуат»

жайлы Имам Шафиғи:

«Кімде-кім Алла

тағала оның жүрегін ашып, ғылыммен рызықтандыруын

қаласа, онда «хилуатқа» кірсін, яғни, оңашалансын және

аз тамақ ішіп, жетесіздермен және кейбір ынсапсыз,

әдебі төмен ғалымдармен араласуды доғарсын» десе,

Имам әл-Ғазали: «Хилуаттың пайдасы шаш-етектен.

Мысалы, кісінің қолын байлайтын артық жұмыстардан

сақтайды, құлағың мен тіліңді тыяды. Құлақ пен тіл

жүрекке ашылған бұлақ. Жүрек – сезім мүшелерінен

құйылып жатқан жаман әрі лас су жиналатын қауызға

ұқсайды. Хилуаттағы күрестің мақсаты – жүректі сол

лай судан, пайда болған балшықтан тазартып, жүрек

қауызының өз бұлағының көзін ашу. Ал енді жүрекке

ағып, төгіліп жатқан лай суды тоқтатпай тұрып, оның

бұрыннан жиналып қалған ескі лай суын қалай тазартуға

болады?! Тіл мен құлақтан үздіксіз лас өзен ағып тұрса,

бұл қалай жүзеге аспақ?! Ендеше, сезім мүшелерінің

зәрулік мөлшерінен тыс жұмысын қатаң қадағалауға алу

қажет. Ал бұл тек «хилуатпен» яғни, оңашаланумен ғана

жүзеге асады».