Дін мен Діл-2
125
ғана түсінуге ешқандай негіз жоқ. Әсіресе, дәлел ретінде
келтірілген Бұхари мен Мүслимде кездесетін соңғы ха-
дисте зікірдің
«субханаллаһ», «әлхамдулиллаһ», «Аллаһу
әкбар»
деген секілді қалыптары анық айтылған, тіпті
жалғыз емес, жамағатпен де жасалатындығы нақты
көрсетілген.
Зікір айту сопылық тариқаттарды былай қойғанда,
әрбір қарапайыммұсылманның күнделікті өмірінде әдетке
айналдыруы тиіс өте сауапты амал. Барлық сопылық
тариқаттарда жүректі тазалап, рухани кемелденудің негізі
ретінде зікір айту кеңінен қолданылады.
Себебі зікір әрдайым кісінің Алламен байланысын
жаңартып, тіл мен жүрегін зікірдегі мағынаға біріктіреді.
Тілімен айтылған мағынаны жүрегіне, тұтас бойына
сіңдіреді. Жүректі жұмсартып, оны қараюдан сақтайды.
Кісіні құлшылыққа ынталандырып, сергітеді. Материялық
дүниенің қыспағында қалған жүректі азат етіп, көкірек
көздің ашылуына ықпал жасайды. Әрине, айтылатын
зікірдің мән-мағынасын білудің аса қажет екені айтпаса
да түсінікті.
ИмамӘбул-Қасимәл-Қушайризікірдіңмаңыздылығы
жайлы:
«Зікір – Субаханаһу уа тағалағажүретінжолдың
ең мықты ұстыны, ең бекем тірегі. Аллаға тек әрдайым
зікір айтумен ғана ұласуға болады»
176
деген.
Ал Ибн Аббас (Алла одан разы болсын!):
«Алла
тағала зікірден тыс қандай ғибадатты парыз еткен
болса, оның белгілі бір мөлшері мен шегін қойды. Сосын
үзір жағдайында үзір иелеріне жеңілдік берді. Ал зікір
болса, оның белгілі бір мөлшері мен шекарасы жоқ.
Ақылдан алжасудан тыс кез-келген үзір жағдайында
үзір иелеріне ешқандай жеңілдік берген жоқ. Барлық
жағдайда зікір етуді бұйырды. Алла тағала: «Алла
176
Имам Әбул-Қасим әл-Қушайри, әр-Рисалатул-Қушайрия.