124
Дін мен Діл-2
– Құлдарым не депжатыр? – деп сұрайды. Періштелер:
– Олар сені (субханаллаһ деп) пәктеп, (Аллаһу әкбар
деп) ұлықтап, саған (әлхамдулиллаһ деп) мадақ айтып,
Сені дәріптеп жатыр (тәмжиид). Сонда Алла тағала:
– Олар Мені көріп пе еді? Періштелер: – Уаллаһи, олар
Сені көрген жоқ. Алла тағала: – Мені көрсе, қалай бо-
лар еді? Періштелер: – Егер Сені көргенде, олардың
саған деген құлшылықтары, саған мадақ айтулары, сені
ұлықтаулары бұдан да арта түсер еді. Алла тағала:
– Олар менен не тілейді? Періштелер: Олар жұмақты
сұрайды. Алла тағала: – Олар жұмақты көріп пе еді?
Періштелер: – Жоқ, уаллаһи, уа Раббымыз! Олар оны
көрген жоқ. Алла тағала: –Ал енді көрсе қалай болар
еді? Періштелер: – Егер олар оны көргенде бұдан да
ынтық, бұдан да талапты болар еді. Алла тағала: –
Олар неден сақтанады? Періштелер: – Тозақта отқа
түспеуді, содан аман қалуды сұрайды? Алла тағала:
– Олар оны көрді ме? Періштелер: – Уаллаһи, олар
оны көрген жоқ. Алла тағала: – Ал олар оны көрсе,
қалай болар еді? Періштелер: – Олар отты көргенде,
бұдан да көбірек қашып, бұдан да артық қорыққан
болар еді. Алла тағала: Сендерді куәгер етейін, Мен
олардың бар күнәларын кештім. Сонда періштелерден
бір періште: –Араларында пәленше олардан емес, тек
өзінің бір қажеті үшін келген еді. Алла тағала: – Олар
сондай бір қауым – олармен (қандай ниетпен болса да)
бірге отырған адам ешқашан бақытсыз болмақ емес
(сондықтан оны да кештім)»
175
.
Байқағанымыздай, тілмен айтылатын зікірдің
сауаптылығы мен пайдаларын білдіріп келген аяттар
мен хадистер өте көп. Олардан Алланы тек оймен еске
алуды, Алла жайлы әңгіме-уағыз айтуды, Құран оқуды
175
Бұхари және Мүслим.