Previous Page  127 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

127

Жария және іштей зікірдің қайсысы абзал?

Зікір дауыстап та, іштей де айтыла береді. Қадария,

Шәзилия секілді тариқаттар жария айтуды көбірек

қолданса, Нақшыбандилер іштей айтуды таңдаған.

Бұхаридың жинағында келген риуаяттан Алла елшісінің

(с.а.у.) заманында да зікірді дауыстап айтудың бар екеніне

куә боламыз.

أَنّ رَفْعَ الصّوْتِ بِالذِّكْرِ حِينَ يَنْصَرِفُ النّاسُ مِنْ الْمَكْتُوبَةِ كَانَ عَلَى

ُعَهْدِ النّبِيِّ صَلّى اهللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ وَقَالَ ابْنُ عَبّاسٍ كُنْتُ أَعْلَمُ إِذَا

انْصَرَفُوا بِذَلِكَ إِذَا سَمِعْتُه

Ибн Аббастан жеткен бір хадисте:

«Адамдардың па-

рыз намаздарын бітіргеннен кейін зікірді дауыстап ай-

туы – Алла елшісінің (с.а.у.) заманында бар болатын.

Ибн Аббас «Мен дауыстап айтылған зікірді естіген

сәтте олардың намаздарын тәмамдағандықтарын

білетінмін» деді»

180

.

Әсілінде, зікірдің жария яки іштей айтылуы

адамдардың табиғаты мен мінезіне, әртүрлі жағдайға бай-

ланысты да өзгеріп отырады. Мәшһүр ханафи ғалымыИбн

Абидин өзінің

«Хашиясында»

бұл жайлы былай дейді:

«Құранды жария да, іштей де оқуды білдіріп келген ха-

дистер тәрізді зікірді жария да, іштей де айтуды қажет

ететін хадистерді бір-бірімен сабақтастырып түсінуге

болады. Егер жария зікір ету риядан (көзбояшылықтан)

сау болса, немесе басқа намаз оқып тұрғандарға бөгет

жасамайтын әрі ұйықтап жатқандардың мазасын

алмайтын болса онда жария зікір – «іштей зікір ету –

180

әл-Бұхари.