130
Дін мен Діл-2
шақырған хадистері жеткілікті. Алла елшісінің (с.а.у.)
әр жағдайларда айтқан, сауаптылығын көрсетіп айтып
жүруге шақырған барлық дұға-зікір, мінәжаттарды, са-
лауаттарды бір күнде яки белгілі бір уақытта толықтай
қамтып айту мүмкін емес. Сондықтан әркім өзінің руха-
ни қажетіне, білім деңгейі мен жағдайына қарай сол дұға-
зікір, салауаттардан таңдап, өзінің күнделікті дағдысына
айналдырып оқығаны жақсы. Белгілі бір уақыттан кейін
мүмкіндігіне қарай ауыстырып отырған да дұрыс.
Кәміл мүршид әр мүридтің жеке жағдайына, ру-
хани деңгейіне, тіпті мінез-табиғатына, бағындырған
мақамдарына, рухани күйіне қарай дұға-зікір, салауат
түрлерін және олардың мөлшерін белгілеп отырады.
Мүридтің деңгейі көтерілген сайын мөлшерін көбейтіп
немесе ауыстырып отырады.
Кісі белгілі бір зікірді көп мөлшерде тілмен қайталап
айтуарқылымағынасынжүреккеорнықтырып, табиғатына
сіңдіреді.