Previous Page  135 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

135

Сол қиын кезеңдерде Әбу Бәкір (р.а.) өз үйінде

Құран оқитын. Бірақ Құранды ішкі бөлмелерінде емес,

ел жүретін жаққа қарайтын сыртқы бөлмеде оқитын.

Көшеден ары-бері өткен адамдар Әбу Бәкірдің тебіреніп

оқыған Құранынан әсерлене бастады. Әбу Бәкір арқылы

Құранмен табысқан көптеген адамдар мұсылмандықты

қабылдап жатты. Міне, Әбу Бәкір қиын заманда өзінің бір

ғана Құран оқуымен де жиһад міндетін атқара білді.

Мүшріктердің жан шыдатпас ауыр азаптары

күн санап артып жатты. Осыдан кейін мұсылмандар

ғибадаттарын емін-еркін атқарып, жаңа діннің қанат жа-

юын қамтамасыз ету үшін Меккедегі туған жерлерін, бар

дүние-мүлік, туған-туыстарын тастап, Мәдина қаласына

хижрет етті (көшті). Сөйтіп мұсылмандар Мәдинада екі

жылдай ғұмыр кешті. Мекке мүшріктері олардың Мек-

кеде қалған бар мал-мүліктерін талан-таражға салып,

өртейтінін өртеп, құртатынын құртты. Қалған дүниелерін

үлкен керуендермен Шамға, Сирияға сатуға жіберді.

Мұсылмандар бұлардың бәрінен хабардар еді. Енді

олар Мәдина қаласының маңайынан өтіп бара жатқан

мүшріктердің керуенінен өздерінің мал-мүліктерін

қайтарып алуды ниет етті. Алайда мұны білген Меккелік

мүшріктер мұсылмандарға қарсы үлкен әскер жіберді.

Яғни мұсылмандардың ниеті соғыс емес, өздерінің талан-

таражға түскен дүниелерін қайтарып алу болатын. Бірақ

мүшріктер соғысты қалады. Міне, Алла тағала осыдан

кейін ғана мұсылмандардың рухын көтеріп, әлсіздер мен

қорғансыздарға қорған болу мақсатында күн санап қиянат

жасауда шектен шыққан кәпірлердің шамасын көздеріне

көрсету үшін соғысқа алғашқыретмына аят арқылырұқсат

берді.

«Өздеріне қарсысоғыс ашылғанмұсылмандарға

(мүшріктермен) соғысуға рұқсат берілді. Өйткені олар

зұлымдыққа ұшырап, жәбір көрді. Әлбетте, Алла