Previous Page  141 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

141

аяттардың бас-аяғын қырқып монтаждап, «шейіт болып,

жұмаққа кіресің» деп лаңкестік әрекеттерге айдақтауы да

мүмкін. Яғни, зомбиге айналған адамдар.

Бүгінде кейбір арнайы дәрілерді ішкен адамдардың

өлімнен де қорықпай, өз жандарын қиып та жіберетіндігі

белгілі болды. Мысалы, Шриланка аралында өсетін бір

шөптің жойылуы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымы (WHO) 110 миллион қаржы бөлді. Бұл шөпті же-

ген жастарда өлімнен қорқу сезімі жоғалып, өздеріне оп-

оңай қол жұмсайды екен. Тіпті «Lsd» атты дәріні белгілі

бір адамға арнайы лагерлерде күнде тамағына қосып беру

арқылымиындағыөзіндікойларынөшіріп, орнына қалаған

пікіріңді құйғаннан кейін «ecstasy» секілді химикаттар

арқылы 8-10 сағаттық лаңкестік әрекеттерді орындатуға

болады

196

. Мұндай дәрілер арқылы өлімнен қорқу деген

сезімі өшірілген, тіпті өлімді аңсайтын мәңгүрт адамдар

арқылы кез-келген лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруға

болады.

Осындай жолдардың түрлі-түрлісімен жасалып

жатқан лаңкестік әрекеттерді Ислам дініне жауып, оны

«террористтік дін»

етіп көрсету – оған жасалған тарихта

бұрың-соңды болмаған ауыр қиянат. Терроризмнің діні,

ұлты болмайды. Жапонияның Токио қаласындағы метро-

да бірқатар адамның өліміне себеп болған

«Аум Сенрике»

сектасының жасаған лаңкестік әрекетін ешкім «Будда

терроризмі»

деген жоқ. 2000-2004 жылдар аралығында

болған Испанияның Мадрид қаласында орын алған

бірнеше лаңкестік әрекеттерді

«Христиан терроризмі»

деп тірі жан айыптаған жоқ. Ендеше, мұсылманның атын

жамылған кейбір лаңшыл адамдардың жасаған террорлық

әрекеттері неге бейбітшілікті уағыздайтын Ислам дініне

196

Құрастырған: Ергун Чапан, Ислама гөре терөр ве интихар салдыр -

лары, 98, 103-беттер. Стамбул. 2005 ж.