147
Ислам діні көп әйел алуға неліктен
рұқсат еткен?
Қазіргі таңда қоғамда бұл тақырып өте өзекті
мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыда айтарымыз, көп
әйел алуға мүлдем болмайды деп үзілді-кесілді қарсы
шығу да, көп әйел алуды діннің негізгі талабы іспетті
жаппай уағыздау да астамдық екені. Көп әйел алу – ба-
тыста қатты сынға ұшыраған тақырып. Алайда көп әйел
алушылықты алғаш ойлап тауып, заңдастырған ислам
діні еместігі ақиқат. Ислам келгенге дейінгі, әлемдегі әйел
затының жағдайы баршаға мәлім. Ол кезде әйел затша
саудаланатын, қанша әйелмен үйленем десе де еркектер-
ге шек қойылмайтын. Әйелді қалаған уақытында қалаған
адамына сатып немесе айырбастай салатын. Тіпті, көне
Грек және Рим мәдениеттерінде әйелді адам деп те есеп-
темеген. Платонның пікірінше, әйел бір қолдан екінші
бір қолға өтіп жүре беретін ортақ мүлікке жатады. Ескі
қытай мәдениетінде әйел заты адам саналмағандықтан,
оған айдар тағып, ат та қойылмайтын. Тіпті, батыс фило-
софтары
«Әйел заты жалпы адам ба, жоқ па? Адам бол-
са, оның жаны бар ма, жоқ па? Бар болса, оның жаны
ер адамдардың жанындай ма, жоқ әлде жануарлардың
жандарына ұқсас па?»
деген тәрізді адам шошитын ой-
пікір таластарын да тудырған
201
. Міне, әйел баласының
жағдайы осындай жан түршігерлік қорлыққа толы бір
заматта Ислам діні әйелдердің абзал жаратылыс екенін
түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Оны заттықтан
адамдыққа, қорлықтан ардақты деңгейге көтерді. Тіпті,
201
Емине Шеникоглу, Генчлерин иманыны сорыларла чалдылар,
118-бет.