Previous Page  151 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

151

олардың қорланған шешелері қалады. Бүгінде көп әйел

алуға үзілді-кесілді тыйым салған европа бұнысымен

қаншама әйелдермен жасырын түрде төсектес болуға,

яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің етек

алуына, мыңдаған балалардың әкесіз дүниеге келуіне,

сансыз түсік тасталуына көз жұмып қарауда.

Бұл шындықты батыстық ғалым Густав Ли Вон:

«Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды түрде

бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп әйелмен

көңілдес болып жүре беретін европалықтардан әлдеқай-

да артық»

202

деп ашық мойындаған.

Иә, көп әйел алудың ислам дініндегі үкімі – парыз не

уәжіп емес. Тек кейбір жағдайларға байланысты рұқсат

етілген жол ретінде ғана қарастырылады. Жоғарыда

айтылғандай, көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары

мен арнайы талаптарының барын ескерер болсақ, көп әйел

алудың әркімнің батылы жете бермейтін жауапкершілігі

зор іс екенін байқаймыз. Бұған қоса, ер кісінің екі

жанұяны бірдей басқаруға қабілеті жеткіліксіз болса

немесе екінші әйел алған жағдайда бірінші жанұяның

шаңырағы шайқалар болса, мұндай іске барудың өзі

қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр. Сондықтан үйленетін

адамның өз жағдайын, жанұясының әрі қоғамының ахуа-

лын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан мұндай қадамға

баруы дұрыс болмаса керек-ті.

202

Ибраһим Жанан, Күтүб-и ситте, 2-том, 274-бет. «Акчаг» баспасы,

Стамбул.