Дін мен Діл-2
155
қатты еліктедік. Сондықтан біздің қоғамда әйел адамның
етек-жеңін қымтап жүруі жартылай жалаңаштанудан
да тұрпайы көрінуде. Қоғамда заман талабына ілесудің
өлшемі
«жалаңаштану»
сияқты көзқарас қалыптасты.
Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар замана
көшіне ілесе алмай, қатардан қалып кеткен ескішіл адам-
дардай бағалануда.
Бүгінде әйел баласы бейне бір зат секілді әркімнің
ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болуы
өкінішті-ақ. Мысалы, әйелдің жалаңаш тәні өзгелердің
назарын тарту үшін кәсіпкерлердің тауарларын жарна-
малайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе, газет
жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш
тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар?
Алла тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер
тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны,
жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда ерекшелікке
ие. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде
ғана, қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам
өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен
қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады.
Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию – әйел
адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдар-
дың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден бір
қорған. Әрі әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұятты-
лық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен та-
нытар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі
– Құранның тікелей бұйрығы.
«Нұр»
сүресінде:
﴿وَقُل لِّلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنّ وَالَ
يُبْدِينَ زِينَتَهُنّ إِالّ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنّ عَلَى جُيُوبِهِنّ﴾