Previous Page  157 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

157

ашу»

дейтіні де болады. Ол – адамның нәпсіқұмарлық

сезімдерінің өршіп, шәһуатының қозып, өз-өзін ұстай

алмай ақылға сыйымсыз қылықтарды жасайтындай көзсіз

соқырға айналуы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде

«құмарлық сезімі қозған кездегі адамның ақыл-есінің

түгелі немесе үштен екісі кем»

деген. Яғни, мұндай

адам ақыл тізгініне ие бола алмай, құмарлыққа алданады.

Соқыр адамша шайтанның тұзағына оп-оңай түсе кетеді.

Құмарлық сезімі өршіп, нәпсісі қозған адам ақылға да,

заңдарға да, ар-ожданға да қарамай небір жиіркенішті

істерге барады

206

. Сондықтан еркектердің осы бір осал

тұсын түрткілемеу үшін әйел адамдар ашық-шашық

киінбеуі керек. Әйтпесе, нәтижесі өзіне де, өзге де абы-

рой әкелмесі ақиқат. Мысалы,

«Queens әйелдер бюросы»

жетекшісінің мәлімдемесі бойынша, Канадада әр 6 минут

сайын 1 зорлау оқиғасы тіркеліп, әрбір үш әйелдің біреуі

әйтеуір өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап бола-

ды екен. Тағы бір ірі мемлекетте 1998 жылы 49280 зорлау

оқиғасы ресми тіркелген көрінеді

207

.

Міне, сондықтан әйел адамға ашық-шашық киінбеуді

ислам оны төмен санағандықтан емес, қайта оны қорғау,

абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған. Әйел өзінің

орамалымен көрікті. Жарасымды ғып ұзын киінуімен

ибалы. Қазақтың

«Есті қыз етегін қымтап ұстайды»

деуі де бекер емес. Күнделікті өмірде біз құнды, асыл

заттарды қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан

қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, әйел заты да

құндылардың құндысы, асылдардың асылы, нәзіктердің

нәзігі. Олай болса, оның да жат адамдардың алдында

ашық-шашық жүргені құптарлық емес.

206

Ахмед Шаһин, Йени айле илмихалы, 245-бет.

207

Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Йени үміт

журналы, №14, 2002 ж.