Previous Page  159 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

159

орындалғаннан кейін, сәнді әрі өзіне жарасымды жалпы

эстетикаға сай киім киюге ислам діні қарсы емес. Сауд

арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру

үрдісі барша мұсылмандарға парыз киім үлгісі емес. Он-

дай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына

қарай таңдалған. Сондықтан Құран өлшемдерінен шық-

пау шартымен әр қоғам киім үлгісін өзінің менталитеті

мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай әрі өмір сүрген

жерінің климатына ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы,

қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті,

әйелдердің жас ерекшеліктеріне қарай кимешек үлгілері

тігілген. Ата-бабаларымыз

«ғұрпымызда орамал тағу

жоқ»

деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше,

оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп,

өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда

да Құран өлшемдеріне әрі заман талабы мен ұлттық

түсінігімізге сай әр түрлі киім үлгілерін тігуге неге бол-

масын? Осылай істер болсақ, бәлкім, орамал тағып, ұзын

киім кию – ананың, мынаның ұлттық киімі дегендей таяз

түсініктерден арылар едік.

Мәселеніңтағыбірмаңыздыжағы–дінисауаттылығы

төмен қоғамға ең әуелі орамалды емес, иман мәселелерін,

сенім негіздерін насихаттау қажеттілігі. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) ең әуелі орамалды емес, иман мәселелерін кеңінен

түсіндірді емес пе? Иман мәселесі шешілген қоғамда

исламның кез-келген тыйымдары мен бұйрықтарының

да оп-оңай шешілері сөзсіз. Иманнан бұрын орамал-

ды насихаттаудың – уықсыз шаңырақ көтермек болған

әурешілікпен тең болары сөзсіз.