165
Бидғат жайлы
Кейбір бауырларымыз қоғамда әдетке айналған
көптеген игі нәрселерге қарсы шығып «анау бидғат,
мынау бидғат» деп байбалам салып, елдің берекесін
кетіруде. Сізден сұрайтынымыз пайғамбарымыздың за-
манында болмаған кез келген нәрсе бидғатқа жата ма?
Жалпы дініміздегі «бидғат» ұғымына түсінік берсеңіз.
«Бидғат»
сөзі – араб тіліндегі
«бәдәъа (َ
بَدَع
«а»),
бәдғ (ٌ
بَدْع
)»
түбірінен өрбіп,
«ойдан шығару, жаңа нәрсе
жасау»
220
деген мағыналарға саяды.
Ал оның діндегі анықтамасына келер болсақ, оны
ғалымдар үш түрлі жолмен түсіндіруге тырысқан:
Бірінші көзқарастағы ғалымдардың пікірі бойынша,
бидғат екі түрлі:
Жағымды бидғат және жағымсыз бидғат. Бұл
тұжырымды алға тартқан ғұламалардың кейбірі
төмендегідей:
Ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни (қ.ж. 855 х.)
Сахих Бухариға жазған түсіндірмесінде бидғат жайында
былай дейді:
«Бидғат негізінде Алла елшісінің (с.а.у) көзі
тірісінде болмаған, кейінен көрініс тауып, кейінен
туындаған нәрселерге айтылады. Бидғат – екі
түрлі. Біріншісі, шариғат құптайтын, ұнамды деп
есептейтін (мүстәхсән) нәрселердің қатарына жа-
татын «жағымды бидғаттар». Екіншісі, шариғатта
керісінше жағымсыз деп танылатын, шариғаттың
220
Баранов, Арабско-Русский словарь.;
.المعجم: الرائد