Previous Page  166 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 166 / 200 Next Page
Page Background

166

Дін мен Діл-2

құптамайтын (мүстәқбах) нәрселердің қатарынан

есептелетін «жағымсыз бидғаттар»»

221

.

Ибнул-Әсир (х.544-606ж.) өзінің

«ән-Ниһая»

атты

еңбегінде

«бидғат»

сөзін түсіндіру барысында былай де-

ген:

«Бидғат екі түрлі: Дұрыс (һүдә) бидғат және

адасқан бидғат. Алла және Оның елшісінің (с.а.у.)

бұйырғанына қайшы келсе, ол бидғат (діндежаңа көрініс)

құпталмай, тыйым салынады. Ал егер Алланың және

Расулының жалпылама рұқсат еткен нәрселеріне және

үнемі жасалуын өсиет еткен дүниелерге сай келетін бол-

са, ол бидғат жағымды, мақтауға лайық болмақ»

222

.

Имам Шафиғи де бидғатты екіге бөліп қарастырады:

«Кейінен пайда болған жаңалықтар екі түрлі.

Біріншісі, Құранға, Пайғамбарымыздың хадистеріне

яки қиясқа немесе ижмаға қайшы келетін бидғат (жаңа

құбылыс не әдет). Мұндай бидғат дінге теріс. Екіншісі,

аталмыш дәлелдерге теріс келмейтін, жақсылықтан

туындаған жаңа әдет. Бұның, дінге терістігі жоқ

«жағымды» бидғат»

- дейді

223

.

Мысал ретінде, тәпсір ғылымы, хадис ғылымы,

фиқһ ғылымы, мәзһабтар сияқты кейіннен пайда болған

құбылыстарды атауға болады. Бұлар арнайы ғылым сала-

сы ретінде Пайғамбарымыздың уақытында болмағаны-

мен, дінге терістігі жоқ.

Имам Ғазали да бидғат жайында мынадай уәжді алға

тартады:

«Жаңа құбылыстың (бидғаттың) бәріне жаппай

тыйым салынбайды. Бірақ, нақты хадистерге қайшы

221

Умдатуль Қари, «Китабут Тарауих», 11/ 125 бет, №116-хадис

түсіндірмесі.

222

ән-Ниһәяту фи ғарибиль хадис уәл әсәр, «әл-Бә мәғә әд-Дәл»,

1/107 бет.

223

Омар Абдулла, «әл-Инсаф», 116-бет.