156
Дін мен Діл-2
«Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген
нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә
атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен
(бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін
көрсетпесін. Орамалдарын жағаларының ойықтарын
жабатындай етіп тақсын...»
204
делінеді.
Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді
еліктіріп, нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай
бүгінде көптеген шаңырақтың шайқалуына, көпшілік
бойжеткендердің абыройдан айрылуына себеп болып
отыр. Нәтижесінде көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк
сәбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса, жы-
лына қаншама қызбала қолдан түсік жасатуда
205
.
Пайғамбарымызға бірде бір сахаба келіп
«Уа,
Алланың елшісі, мені жұмаққа жетелер бір амал
айтсаңыз»,
– дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Ашулан-
ба! Ашуыңды жең, ашудың жетегінде кетпе»,
– деп,
қысқа да нұсқа жауап берді.
Иә, ашу атүсті қарайтын жеңіл мәселе емес. Себебі,
ашуға бой алдырған адам санаға сыймайтын үлкен
күнәларға да барып жатады. Мысалы, ашуға булыққан
адам бір сәттік өзін ұстай алмай мылтықтың шүріппесіне
басып кеп жіберу кесірінен жылдар бойы түрмеде отыра-
ды. Сөйтіп, ғұмыр бойы өкінумен өтеді. Міне, ашудың
осындай кесірлі нәтижесін білгендіктен пайғамбарымыз
(с.а.у.) айналасындағыларға әрдайым
«ашуыңды жең,
ашуға салынба, ашудан аулақ жүр»
дегендей ескертулер
жасайтын.
Ал, енді ашу дегеніміз тек қана жүйкенің тырысу-
мен ғана болатын құбылыс емес. Ашудың
«жыныстық
204
Нұр сүресі, 31-аят.
205
Қазақстанда қазіргі таңда 100 мың тастанды бала, 600 балалар үйі
бар. 2003 жылғы есеп бойынша 127200 аборт жасалғаны ресми
тіркелген. Ал ресми тіркелмегені қанша екені тағы белгісіз.