Previous Page  153 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 200 Next Page
Page Background

153

Орамал тағудың үкімін білдірсеңіз?

Ислам дінінде әйел кісілерге орамал тағу, ұзын киім

кию парыз ба? Орамал тағу арабтың, түріктің әдет-

ғұрпы деп түсінушілер де бар. Осының ара жігін ажы-

ратып берсеңіз.

Орамал тағып, ұзын киім кию үрдісі – тосырқап,

таңдана кейде түсінбей, тіпті жатырқай да, жақтырмай да

қарайтын тосын құбылыс емес. Ең алдымен, киім киюдің

бұл үлгісі – ислам діні әкелген жаңалық емес. Бұл үрдіс

еврей мен христиан дінінде де, корей, жапон секілді

көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Ме-

нахем M. Брейер (

«Йешива»

университетінде киелі кітап

әдебиетінің профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша

әйелдерінің орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір

танымал раввиндерінің мынандай сөздерін келтірген:

«Еврей қыздарына орамалсыз сыртқа шығу жара-

спайды»,

«Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен

еркектерді қарғыс атсын!»,

«Еркектерге ұнау үшін басын ашып жүрген әйелдер

жоқшылық әкеледі».

Әйелдің орамалсыз жалаңбас жүруі жалаңаш

жүрумен тең саналғандықтан, иудаизм орамалсыз жүрген

әйелдің жанында дұға сияқты ғибадаттарды жасауға

тыйым салады. Еврей діні бойынша, орамал тағу әйелдің

абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын білдіреді.

Сондықтан төменгі таптағы әйелдер жоғарғы таптағы

әйелдердің қатарында көріну үшін орамал тағуға тыры-

сатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны саналғандықтан,