Previous Page  148 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 200 Next Page
Page Background

148

Дін мен Діл-2

«Жұмақ – аналардың табанының астында

» деген

сыры терең, сыны биік ұстанымға бас идірді. Жоғарыда

айтқанымыздай, ислам келмей тұрып әйелдермен

үйленуде шектеу жоқ еді. Ер кісі қанша әйел алам десе де

өз еркінде еді. Ислам осы шексіздікті төртеумен шектеді.

Өзінің сыршыл күрделі талаптарын қойды. Олай болса,

бұл да исламның әйел баласына жасаған жақсылығы де-

сек артық айтқандық емес.

Екіншіден, төрт әйел алудың діндегі орны парыз

яки уәжіп емес. Яғни, әрбір мұсылман ер кісі көп әйел

алуға міндетті емес. Көп әйел алу, бар болғаны, кей

жағдайларға байланысты берілген рұқсат қана. Бұған

қоса, көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен та-

лаптары да жоқ емес. Мысалы, екі әйел алғысы келетін

кісінің ең әуелі оларды бағып-қарайтындай жағдайы

болуы тиіс. Мұнымен қоса, әйелдерінің арасында қара

қылды қақ жарардай әділдік тең қарым-қатынас құруы

керек. Яғни, біреуіне жылы шырай танытып, екіншісімен

суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп болып,

екіншісінікінде аз уақыт қана болу секілді көңілдеріне

кірбің салар әділетсіз араластықта болу дұрыс емес.

Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де жағдай жасауы ке-

рек. Ал мұндай талаптарды орындай алатындардың саны

өте аз екені айтпаса да түсінікті. Ардақты елші (с.а.у.):

«Екі

әйелі бар кісі әйелдерінің біреуімен артығырақ қарым-

қатынас жасап, әділетсіздікке жол беретін болса, он-

дай адам ақырет күні бір иығы сал күйде келеді»,

– деп,

әйелдерінің арасында әділетсіз қарым-қатынас жасаған

еркектің ақыреттегі аянышты жағдайын білдірген.

Алла тағала

«Ниса»

сүресінде:

«Егер әйелдер

арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар

онда біреуі жеткілікті...»

деген.