Previous Page  144 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 200 Next Page
Page Background

144

Дін мен Діл-2

Мұсылмандар ғасырлар бойы қол астындағы өзге

дін өкілдерін алаламастан оларға жақсылық жасап,

қошемет көрсеткені соншалық, Рим императорлығы Си-

рияны қайтадан қайтарып алуға қалың әскер жинап келе

жатқанда, сол жердегі христиандар шіркеулерге жиналып,

мұсылмандар үшін қол жайып тілек тілеп, мінәжат еткен.

Егер мұсылмандар қол астындағы өзге дін өкілдеріне

қысастық жасап, исламға кірулері үшін күштегенде, олар

жалына-жалбарына осылай мұсылмандардың тілеуін

тілер ме еді?

200

.

Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен

күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта

қалуларының, көптеген саяси ойындардың құрбанына

айналуларының, экономикалық күйзеліске ұшырауының

бірден-бір себебі – сауатсыздық, кедейлік пен ішкі

алауыздық. Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын

егіз ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса, ғылымсыз

дін соқырлыққа тең. Сондықтан мұсылмандар үшін ең

қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі,

біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды

былай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сау-

атты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың

дамымай артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше,

бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан

гөрі ғылымға сүйенбек.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:

«Мах-

шар күні соғыста ағызылған шейіт қаны мен ғылымға

жұмсалған ғалымдардың сиясы таразыға тартылған

сәтте ғалымдардың сиясы басым түседі»

делінеді.

Қазіргі өмір талабына сай озық құралдармен

жабдықталған білім ордаларын ашып, ол жерде сау-

200

М, Абдулфәттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том, 101-

бет. Ғайе баспасы, Стамбул. 1990 ж.