140
Дін мен Діл-2
Исламда мақсат қандай ұлы, таза болса, оған апара-
тын жолдар да сондай таза, ұлы болуы тиіс.
Террорлық әрекеттер арқылы ешбір проблема қазірге
дейін шешілмеген әрі бұдан кейін де шешілмейді.
Барлық лаңкестік әрекеттер – ислам үшін жасалған
күрес емес, керісінше, исламға қарсы қиянат.
Кейінгі кезде Ислам мен терроризмнің бірге айты-
луы – тырнақ астынан кір іздейтін ислам дұшпандары
үшін таптырмайтын олжа болды. Сондықтан қандай
қиын жағдайға душар болса да мұсылмандар исламның
атына кір келтіретін лаңкестік әрекеттерден аулақ болуы
керек. Себебі, белгілі бір жағдайлар, дағдарыстар мен
саяси ойындар күнде өзгереді. Ал діннің ұстаным, ереже-
қағдилары мәңгілік. Өтпелі жағдайлармен діннің атына
кір келтіруге болмайды.
Қазіргі таңда болып жатқан барлық жарылыс,
лаңкестік әрекеттерді ислам дініне жабу кең етек алды.
Алайда,солардыңбарлығыністепжатқанмұсылмандарма?
Бұған
«иә»
деп жауап беру, әрине, қиын. Мұсылмандықты
бет-перде етіп, лаңкестік әрекеттерге барып жатқандар
кімдер? Кей жағдайда олардың қатарында соғыстарда
әке-шешесінен, туған-туыстарынан айырылған, немесе
басқа да рухани күйзелістерге түскен адамдар да бола-
ды. Ондай адамдар кеудесін кернеген ішкі ыза-кек пен
күйіктің салдарынан барлық іске баруы мүмкін. Мұндай
адамдар психологиялық тұрғыдан алғанда діннің рұқсат
етпеген нәрселерін де жасауға бейім тұрады. Өз істеріне
шариғаттан әлсіз болса да негіз іздей бастайды. Я болмаса
кейбір өзгелердің ойыншығына айналып, бопса тұзағына
іліккен мұсылмансымақ адамдар. Бұған қоса, әлдебір
мұсылманның атын жамылған ұйымдар, тіпті алпауыт
мемлекеттер саяси мақсаттары үшін шала сауатты кейбір
дүмбілездерді арнайы дайындап, Құрандағы кейбір