Дін мен Діл-2
139
бүлдіршін сәбилердің жанын қиған лаңкестік әрекеттер
исламға, Құранға, мұсылманшылыққа жата ма? Тіпті,
адам өлтіру былай тұрсын, малды қорқытудың өзі Исламға
теріс. Сойылатын малдың көзінше пышағын қайраған са-
хабасына Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.а.у.) қатты
кейіп:
«Сен малды неше рет өлтірмексің? Пышағыңды
малдыжатқызбайтұрып қайрамадың ба?
194
»
деп ескер-
ту жасаса, тағы бір хадисінде:
«Қаруды қалжыңдап бол-
са да өзгеге кезенбе!»
деп, адамды өлтіру былай тұрсын,
өзгенің көңіліне аз да болса үрей салудың өзі исламға,
шынайы мұсылманға жат әрекет екенін түсіндірген.
Беліне бомба байлап, өзгелердің жанын қию үшін
өзіне де қол жұмсаған жанкештер өздерін
«шейітпіз»
деп
есептейді. Шейіттік мәртебе бейкүнә жандарды өлтірумен
келетін оңай нәрсе емес.
Өзін-өзі өлтіру – исламда үлкен күнә. Құранда
«Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!»
195
делінген.
Біз дінімізді қасиетті кітап Құраннан әрі оны
түсіндіруші соңғы пайғамбар Мұхаммедтен (с.а.у.)
үйренеміз. Ал енді осы мұсылманшылық қағидаларының
қайнар көзі саналған Құран мен Пайғамбарымыздың
өмірінде өзіне қол жұмсап, бейкүнә жандарды қыру бар
ма? Тіпті, соғыс жағдайында да соғысқа қатыспаған
адамдарды өлтіру – дінімізде харам саналып жатса, жай
уақытта күнде құбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген
бейбіт жатқан күнәсіз жандардың жанын қиюдың қандай
ауыр күнә екені айтпаса да түсінікті.
Қоғамның пайдасы үшін болса да исламда қандай
да бір адамның құқы аяқ асты етілмейді. Жеке адамның
құқы – жалпы қоғамның құқындай қымбат.
194
әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 17-том, 422-бет.
195
«Ниса» сүресі, 29-аят.