Дін мен Діл-2
137
Жай кезді былай қойғанда, соғыс жағдайында да
Ислам озбырлық әрекеттерге жол бермейді. Айталық,
соғыста әйелдерді, жас балаларды, соғысқа қатыспаған
қарт кісілер мен ешкіммен шаруасы жоқ монахтар-
ды өлтіруге қатаң тыйым салды. Өсіп тұрған ағаштар
мен егін алқаптарын өртеуге, түйе, сиыр сияқты мал-
дарды өлтіруге, әр түрлі өзге діннің ғибадатханаларын
қиратуға жол бермеді. Дұшпан әскерлерінің өлі денелерін
тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кесуге де қатаң
тыйым салды. Пайғамбарымыз соғысқа кетіп бара жатқан
қолбасшыларынамынандайескертулержасады:
«Алланың
атымен жолға шығыңдар. Алла жолында күресіңдер.
Соғысатын адамдарыңмен араларыңда келісімдер бар
болса, оны қадағалаңдар. Шектен шықпаңдар, соғыс
кезінде өлтірген адамдарға «мүслә» (өлі денелерін
тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кеспеңдер)
жасамаңдар. Балаларды, әйелдерді, қарт кісілерді,
ғибадатханалардағы адамдарды өлтірмеңдер»
191
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тіпті өзіне қарсы соғысып
жатқандарды қарғыстауы былай тұрсын, оларға
«Алла тағалам, олар Сенің құлдарың, біз де Сенің
құлдарыңбыз...», «Алла тағалам, олар білмейді, Сен
оларды кешіре гөр!»
деген кең пейіл, игі тілекте болған.
Пайғамбарымыздың өмір баянының атақты жазушы-
сы Қади Мұхаммед Сүлеймен әл-Мансұрдың
«Сирату
рахматан лил-аламин»
атты кітабындағы келтірген санақ
бойынша һижрижыл санауымен ІІ-ІХжылдар аралығында
болғанбарлықсоғыстардадұшпанәрімұсылманқатарынан
бар болғаны 1018 кісінің ғана көз жұмғаны төңірегіндегі
мәліметтерді ескерер болсақ, соғыс деп әй-шәй жоқ қан
төге берудің де дұрыс емес екендігін аңғарамыз. Ал 1914-
1918 жылы болған Бірінші дүниежүзілік соғыста 21 мил-
191
Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 1/300. Әбу Дәуіт, Жихад, 82.