Дін мен Діл-2
133
деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі,
экономика маманының мұсылмандардың әлеуметтік
жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты,
мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы – мұның бәрі
жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны
тірнектеп жинап, өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; жоқ-
жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан
қалталы азаматтардың бұл істері де Хақ жолындағы
күреске – жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде:
«Жесірлер мен
міскіндер үшін жұмыс істеуші кісі Алла жолында
жиһад жасаушы адамға тең»
186
дейді.
Кейде нағыз сөз саптайтын ұрымтал тұста бір ғана
кесімді сөз айту да, сөздің кері әсер ететін тұсында са-
быр сақтап, тіліңді тістеу де жиһадқа саналады. Тіпті,
кейде қажеттілігіне қарай тек қабағыңды шыту яки
күлімсіреудің де жиһадқа саналуы ғажап емес. Қысқасы,
істелетін әрбір істің Хақтың разылығына қарай реттелуіне
«жиһад»
делінеді.
Жиһад мәжбүр жағдайда қарумен де болады. Барлық
дипломатиялық байланыстар нәтижесіз аяқталып,
келіссөздерден толықтай үміт үзілген шақта отанды
қорғау үшін қолға қару алып жиһад жасауға рұқсат.
Пайғамбарымыздың дәуіріндегі жиһадқа, яғни
мұсылмандардың Хақ жолындағы күрестеріне назар
аударсақ, жоғарыда айтылған жиһадтың барлық түріне
куә боламыз.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарлығының
алғашқы үш жылында исламды жасырын насихат-
тады. Мұсылмандардың бұл кезеңдегі жиһадтары
186
Бұхари, китабун-нафақат. Және қараңыз: Әбу Зәкария Мухиддин
Иахия әнНәуәуи, узһатулМуттақин, 1том, 227бет. Муәссисәтур
Рисәлә, Байрут 1991ж.