131
«Жиһад»
деген
не?
Оның
терроризммен байланысы бар ма?
«Жиһад»
сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге,
мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-
қайратың мен ынта-жігеріңді төгу, тырысу, күресу деген
сияқты мағыналарды білдіреді.
«Жиһад»
ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда
теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар
жиһадты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Әрине,
мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Құранда
«жиһад»
сөзі 35 жерде өткенімен төрт жерде ғана тікелей
соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы
«харб», «мухарабә», «мағрака», «қитал»
терминдерімен
білдірілген. Бірақ жиһад сөзі соғысты да қамтығандықтан,
көпшілік жиһад делінген кезде тікелей соғысты түсінеді.
«Жиһад»
– адамның Алла тағаланы тануына кедергі
келтіретін барлық тосқауылдарды жою. Жаратушы мен
адамның арасындағы бөгеттерге сауатсыздық, әлеуметтік
жағдайдың төмендігі, ерік-ойға, санаға жасалған шектеу-
лер жатады. Ендеше,
«Жиһад»
деп осы бөгеттерді жою
үшін жасалатын барлық іс-шара, күреске айтылмақ.
Алла разылығы үшін істелген әрбір іс-қарекет
«жиһад» саналады. Қандай да болсын қиын жағдайларға
қарамастан күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, кейде
аптап ми қайнатар ыстықта ораза ұстау, Алла тағаланы
өзге жандарға түсіндіру үшін істелген әрбір іс, қоғамдағы
кейбір керітартпа келеңсіздіктерді
185
түзету үшін
185
Қазіргі таңда кең етек алған болмашы себептермен ажырасу, таста -
ды бала, жемқорлық, иманнан бейхабар ғұмыр кешу, т.б. сияқты
келеңсіздіктерді түзету үшін жасалған әрбір салиқалы іс, қажырлы
күрес жиһадқа жатады.