Previous Page  126 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 200 Next Page
Page Background

126

Дін мен Діл-2

тағаланы тұрып та, отырып та, жантайып та

зікір етіңдер» деді. Сосын Алла тағала: «Уа, иман

келтіргендер! Алланы көп зікір етіңдер! Оны ертелі-

кеш (сүбханаллаһ деп) пәктеңдер!»

177

деген. Яғни,

түнде де, күндіз де, жерде де, суда да, сапарда да, жай

уақытта да, молшылықта да, таршылықта да, сау

кезде де, ауру жағдайында да, жасырын да, жария да,

жалпы барлық жағдайда Алланы зікір етіңдер»

де-

ген

178

.

Ибн Қайм әл-Жәузи былай дейді:

«Мыс пен күміс

және басқаларының тотығуы секілді жүректі де

тот басады. Ал оның тоты зікірмен тазарып, айна-

дай жарқырайды. Жүректің тот басуы зікірді та-

стау және күнә істеумен болады. Ал оның тазаруы

зікір және истиғфармен (кешірім тілеу) жүзеге аса-

ды. Ал кімнің зікірсіз, ғафыл өткен уақыты көбірек

болса жүрегі де үсті-үстіне тот баса береді. Яғни,

жүрегінің тотығуы зікірсіздігі мен ғапылдығына қарай

болады. Ал кімнің жүрегі тотықса, жүрек айнасында

ақиқаттар өз бейнесінде көрінбейді. Сөйтіп иесі дұрыс

емес нәрсені ақиқат бейнесінде, ал ақиқатты бұрыс

кейіпте көре бастайды. Өйткені жүрек тотыққан

сайын тотығып, қараюы қалыңдай түссе, жүрек айна-

сы ақиқаттарды өз бейнесінде көрсетпейтін болады.

Тотығу қалыңдаған сайын жүрек қараяды. Ал ондай

жүректің қабылдау түйсігі бұзылады. Нәтижесінде

ақиқатты мүлдем қабылдамайтын, ал жаманға

ешқашан қарсы шықпайтын кеселге шалдығады. Міне,

бұл жүрекке берілген ең үлкен жаза»

179

.

177

«Ахзаб» сүресі, 41-42 аят.

178

Абдул-Қадир Иса, Хақайқ анит-тасаууф, «Мұқаттам» баспасы, Каир,

2005ж. 102-бет.

179

Ибн Қаийум әл-Жаузия, Әл-уаабилус-саййб минал-калимит-таййб.